«Ұлттық құндылық – ұлттық болмыс»
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Әдеп жөніндегі уәкілдердің 2024 жылға араналған үлгілік жоспарының 2-тармағының 2.4.) – тармақшасын мемлекеттік органда мемлекеттік қызметшілерді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет және Агенттікпен әзірленген материалдармен таныстыру, оның ішінде іскерлік әдеп пен ресми мінез-құлық қағидаларын сақтау, ойын мекемесіне барудан тартыну және әріптестерге өзінің діни нанымдарын таңбауға, қол астындағы қызметшілерді діни бірлестіктердің қызметіне қатысуға мәжбүрлемеу мәселелерін түсіндіру бойынша іс-шара ұйымдастыру туралы тапсырмасын жүзеге асыруда Министрлікте «Экстремизм және терроризмнің алдын алу» тақырыбында семинар өткізілді.
Семинарға Астана қаласы әкімдігі жанындағы Діндерді зерттеу орталығының бөлім басшысы, дінтанушы Нұрсұлтан Берікұлы Жаншин және Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі, Астана халықаралық университетінің оқытушысы, тарих ғылымдарының PhD докторанты Жарас Ахан Иебргенұлы шақырылды.
Семинар спикерлері қызметкерлерді Қазақстан Республикасының «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңымен таныстырып, дін саласындағы құқықытық сауаттылықты арттыру мақсатында дін саласындағы құқық бұзушылықтардың түрлері, оның алдын-алу, жауапқа тартылу жағдайлары туралы ақпараттық – түсундіру жұмыстарының негізгі бағыттары бойынша слайд көрсетіп, таныстырды.
Сонымен қатар, Экстремизм және терроризмнің алдын алу мәселелері, деструктивті діни ағымдардан сақ болу, діни жораларды, рәсімдерді және жиналлыстырды өткізуге, Қазақстан Республикасы аумағына діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсатағы заттарды әкелуге, әзірлеуге, шығаруға, басып шығаруға және таратуға белгіленген заң талаптары талқыланды.
Сондай-ақ, Астана қаласы әкімдігі жанындағы Діндерді зерттеу орталығының жұмысы туралы баяндап, көмек керек болған жағдайда Орталыққа хабарласуға болатынын айтты.
Кездесу нәтижесінде мемлекеттік қызметкерлерден туындаған сауалдарға тұшымды жауап берілді.
Жансая Қаршығақызы Молдағалиева
ҚР Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің
Әдеп жөніндегі уәкілі
Источник:
Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка -