Ұлытау киберспорт және фиджитал федерациясы Қазақ ұлттық спорт университетімен меморандумға қол қойды
Ұлытау киберспорт және фиджитал федерациясы (UEPF) Қазақ ұлттық спорт университетімен (KNUS) ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Келісім өңір жастарының кәсіби дамуына және киберспорт саласында білім алу мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған, деп хабарлайды Ұлытау облысы әкімдігінің ресми сайты.
Меморандумға Астана қаласында өткен TALENT BRIDGE 2026 форумы аясында қол қойылды. Келісімге сәйкес, федерация ұйымдастыратын турнирлерге қатысушылар университеттің кәсіптік бағдар беру жұмыстарының басым топтарының біріне енгізіледі. Ал жоғары нәтиже көрсеткен жастарға алдағы уақытта білім гранттары мен оқу ақысына жеңілдіктер беру мүмкіндігін қарастыру көзделген. Сонымен қатар университет студенттерінің федерация өткізетін іс-шараларда тәжірибеден өтуіне жағдай жасалып, бірлескен турнирлер мен студенттік лигалар ұйымдастыру жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта федерация Қазақстан чемпионаттарына қатысатын Ұлытау облысының құрамасын жасақтау жұмыстарын жүргізуде. Қатысуға өтінімдер uepf.kz сайты арқылы қабылданады. Айта кетейік, 28 қазанда Ұлытау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы федерацияға спорт федерациясын аккредиттеу туралы №44 куәлігін табыстады. Осылайша, UEPF өңірдегі киберспорт бағыты бойынша ресми аккредиттелген ұйым мәртебесіне ие болды. Аталған ынтымақтастық өңірде киберспорт пен фиджитал бағыттарын дамытуға, жастардың кәсіби әлеуетін арттыруға және спорт пен білім беру салалары арасындағы байланысты нығайтуға мүмкіндік береді.
Источник:
Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка -








