Маңғыстау облысында әскери қызметшілерге өткізілген семинарға қатысты
Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметі Маңғыстау облысы бойынша департаменті Жағалау күзетінің бірінші дивизионында әскери қызметшілер мен сарбаздарға арналған семинар өтті.Әскери құрам мен сарбаздарға арналған ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында дінтанулық сараптама, құқықбұзушылықтың алдын алу және ұлтжандылық құндылықтарын насихаттау тақырыптарында семинар өткізілді.Іс-шара барысында қатысушыларға Қазақстан Республикасының діни қызмет саласындағы заңнамалары, діни әдебиеттер мен ақпараттық материалдарға жүргізілетін дінтанулық сараптаманың маңызы және қоғамдағы тұрақтылықты сақтаудағы оның рөлі түсіндірілді. Сонымен қатар, әскери ортада құқықбұзушылықтың алдын алу, заң талаптарын сақтау және тәртіпті нығайту мәселелері кеңінен талқыланды.Семинар барысында сарбаздарға ұлттық құндылықтарды құрметтеу, Отанға адал қызмет ету, елдің бірлігі мен тұрақтылығын сақтау – әрбір әскери қызметшінің басты міндеті екендігі атап өтілді.Кездесу соңында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Маңғыстау облысы ҰҚКД ТҚО бөлімініңақпараты негізінде дайындалды
Источник:
Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка -













