«Мемлекеттік қызмет көрсету сапасының қашықтан мониторингі»
Бүгінгі таңда ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қашықтан мониторинг жүргізуде.
Бұл мониторингтің мақсаты дәлелсіз және негізсіз бас тартуларды анықтау, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтарын қалпына келтіру болып табылады.
Мониторинг шеңберінде мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін сақтауға байланысты бұзушылықтар, белгілі бір қатынастарды реттейтін заң нормаларын қолданудың заңдылығы, сондай-ақ келіп түскен өтінімдерді орындау мерзімдері анықталады.
Анықталған бұзушылықтардың нәтижелері бойынша Департамент көрсетілетін қызметті берушілердің рұқсат беру қызметтері бойынша атына шаралар қабылдау туралы тиісті хаттар жібереді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртібінің бұзылуы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтырылады.
Мәселен, қашықтан жүргізілген мониторинг шеңберінде Қарағанды облысының Балқаш және Приозерск қалаларының жергілікті атқарушы органдарының басшыларымен мемлекеттік қызмет көрсетуден негізсіз бас тарту фактілері анықталды.
Департаментпен құқықбұзушылыққа жол берген лауазымды тұлғаларға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы тиісті хаттамалар толтырылды.
Бұдан басқа, мониторинг шеңберінде мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін реттейтін нормативтік-құқықтық актілердегі бар қайшылықтарды, сондай-ақ құқықтық олқылықтарды анықтау тұрғысынан талдау жүргізіледі.
Осы мән-жайлар анықталған жағдайда Департамент тиісті түзетулер енгізу қажеттігі туралы ұсыныстар жібереді.
Осы бағыттағы жұмыс мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалауды арттыру, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтарының бұзылуына жол бермеу мақсатында тұрақты түрде жүргізіліп отырады.
Источник:
Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка -