«МЫҢ БАЛА»: ӨНЕР МЕН БІЛІМДІ ҰШТАСТЫРҒАН БАЙҚАУ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ: Туркестанская область, 21 Сентября 2026 года - новости на сайте gurk.kz

«МЫҢ БАЛА»: ӨНЕР МЕН БІЛІМДІ ҰШТАСТЫРҒАН БАЙҚАУ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

«МЫҢ БАЛА»: ӨНЕР МЕН БІЛІМДІ ҰШТАСТЫРҒАН БАЙҚАУ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

«МЫҢ БАЛА»: ӨНЕР МЕН БІЛІМДІ ҰШТАСТЫРҒАН БАЙҚАУ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

«МЫҢ БАЛА»: ӨНЕР МЕН БІЛІМДІ ҰШТАСТЫРҒАН БАЙҚАУ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

«МЫҢ БАЛА»: ӨНЕР МЕН БІЛІМДІ ҰШТАСТЫРҒАН БАЙҚАУ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

Түркістан қаласындағы «Достық үйінде» «Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасының облыстық қорытынды байқауы өтті. Шараға Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшысы Эльмира Жанғазиева қатысып, байқауға қатысушыларға сәттілік тілеп, жобаның жастардың шығармашылық қабілетін дамытудағы және мемлекеттік тілге, ұлттық мәдениет пен өнерге қызығушылығын арттырудағы маңызын атап өтті. «Мың бала» жобасы жастардың кітап оқу мәдениетін қалыптастыруға, мемлекеттік тілді меңгеруге деген қызығушылығын арттыруға, ұлттық және рухани құндылықтарды дәріптеуге, қазақстандық бірегейлік пен қоғамдық бірлікті нығайтуға бағытталған. Биылғы облыстық кезең екі номинация бойынша ұйымдастырылды.

«Әлеуметтік желілерде мәнерлеп оқу» номинациясында этнос жастары Мұқағали Мақатаевтың туғанына 95 жыл толуына орай ақын шығармаларын мәнерлеп оқып, әлеуметтік желілерде бейнероликтерін ұсынды. Нәтижесінде, І орынды Сайрам ауданынан Мехруза Рахманкулова, ІІ орынды Сайрам ауданынан Робия Фархадова, ІІІ орынды Ордабасы ауданынан Илья Абрамов иеленді. Сонымен қатар онлайн байқауға белсенді қатысып, Мұқағали өлеңдерін жатқа және мәнерлеп оқыған этнос жастарына арнайы Алғыс хаттар табысталды. «Бірлікке үн қосқан» музыкалық байқауында аудан-қалалардан іріктелген 21 өнерпаз қазақтың дәстүрлі, ұлттық және классикалық шығармаларын ұлттық аспаптарда орындап, өз өнерлерін ортаға салды. Байқау қорытындысы бойынша І орын Сарыағаш ауданынан Сарвар Умурдиновке, ІІ орын Сауран ауданынан Абдумалик Алитдиновке, ІІІ орын Кентау қаласынан Мария Чулковаға бұйырды. Бірінші орын иегері Сарвар Умурдинов республикалық гала-концертке жолдама алды. Байқау қатысушыларының өнерін кәсіби мамандардан құралған әділқазылар алқасы бағалады. Қазылар құрамында Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің «Орындаушылық өнер» кафедрасының аға оқытушысы Сәбит Сопбеков Оразханұлы және Түркістан қаласындағы «Ақжайық» музыка мектебінің соқпалы аспаптар пәнінің мұғалімі Нуриддин Молдабаев болды. Әділқазылар қатысушылардың орындаушылық шеберлігін, өнер деңгейін және байқау талаптарына сәйкестігін бағалап, жеңімпаздарды анықтады. Шара соңында байқау жеңімпаздары мен белсенді қатысушыларға дипломдар мен Алғыс хаттар табысталып, қазылар алқасына да көрсеткен кәсіби қолдауы үшін алғыс білдірілді. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Источник: ГУ "Аппарат акима Туркестанской области"


Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка - https://t.me/gurkkz

gurk.kz
Түркістан қаласындағы «Достық үйінде» «Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасының облыстық қорытынды байқауы өтті. Шараға Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшысы Эльмира Жанғазиева қатысып, байқауға қатысушыларға сәттілік тілеп, жобаның жастардың шығармашылық қабілетін дамытудағы және мемлекеттік тілге, ұлттық мәдениет пен өнерге қызығушылығын арттырудағы маңызын атап өтті. «Мың бала» жобасы жастардың кітап оқу мәдениетін қалыптастыруға, мемлекеттік тілді меңгеруге деген қызығушылығын арттыруға, ұлттық және рухани құндылықтарды дәріптеуге, қазақстандық бірегейлік пен қоғамдық бірлікті нығайтуға бағытталған. Биылғы облыстық кезең екі номинация бойынша ұйымдастырылды. <p class="html-span xexx8yu xyri2b x18d9i69 x1c1uobl x1hl2dhg x16tdsg8 x1vvkbs x3nfvp2 x1j61x8r x1fcty0u xdj266r xat24cr xm2jcoa x1mpyi22 xxymvpz xlup9mm x1kky2od"></p> «Әлеуметтік желілерде мәнерлеп оқу» номинациясында этнос жастары Мұқағали Мақатаевтың туғанына 95 жыл толуына орай ақын шығармаларын мәнерлеп оқып, әлеуметтік желілерде бейнероликтерін ұсынды. Нәтижесінде, І орынды Сайрам ауданынан Мехруза Рахманкулова, ІІ орынды Сайрам ауданынан Робия Фархадова, ІІІ орынды Ордабасы ауданынан Илья Абрамов иеленді. Сонымен қатар онлайн байқауға белсенді қатысып, Мұқағали өлеңдерін жатқа және мәнерлеп оқыған этнос жастарына арнайы Алғыс хаттар табысталды. «Бірлікке үн қосқан» музыкалық байқауында аудан-қалалардан іріктелген 21 өнерпаз қазақтың дәстүрлі, ұлттық және классикалық шығармаларын ұлттық аспаптарда орындап, өз өнерлерін ортаға салды. Байқау қорытындысы бойынша І орын Сарыағаш ауданынан Сарвар Умурдиновке, ІІ орын Сауран ауданынан Абдумалик Алитдиновке, ІІІ орын Кентау қаласынан Мария Чулковаға бұйырды. Бірінші орын иегері Сарвар Умурдинов республикалық гала-концертке жолдама алды. Байқау қатысушыларының өнерін кәсіби мамандардан құралған әділқазылар алқасы бағалады. Қазылар құрамында Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің «Орындаушылық өнер» кафедрасының аға оқытушысы Сәбит Сопбеков Оразханұлы және Түркістан қаласындағы «Ақжайық» музыка мектебінің соқпалы аспаптар пәнінің мұғалімі Нуриддин Молдабаев болды. Әділқазылар қатысушылардың орындаушылық шеберлігін, өнер деңгейін және байқау талаптарына сәйкестігін бағалап, жеңімпаздарды анықтады. Шара соңында байқау жеңімпаздары мен белсенді қатысушыларға дипломдар мен Алғыс хаттар табысталып, қазылар алқасына да көрсеткен кәсіби қолдауы үшін алғыс білдірілді. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Еще новости региона