Оқу тәжірибесін өткізуге қатысты
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Маңғыстау облысы бойынша департаментінің Терроризмге қарсы орталығы бөлімінің қызметкерлері қазан айында өңірдің Жаңаөзен қаласында оқу тәжірибесін өткізді.
Іс-шара 2024 жылға арналған ведомствоаралық терроризмге қарсы оқу-жаттығулары мен эксперименттерін өткізудің жоспар-кестесіне сәйкес ұйымдастырылды. Оның мақсаты - адамдар көп шоғырланатын орындарда террористік сипаттағы қауіпті жағдайлар туындаған кезде бірлесіп жұмыс жасау дағдыларын шыңдау.
Аталған оқу-тәжірибеге қалалық жедел штаб мүшелері мен қажетті техникалар жұмылдырылды. Оқу-жаттығу барысында құзырлы органдардың оқиғаны алдын алу және салдарымен күресу кезіндегі өзара іс-әрекеттеріне ерекше мән берілді.
Терроризмге қарсы операцияны жүргізу барысында арнайы және жедел-іздестіру іс-шараларының кешені іске асырылып, оның нәтижесінде шартты террористерде атыс қаруы мен жарылғыш құрылғылардың болуы туралы мәліметтер, сондай-ақ бейбіт тұрғындар қатарынан кепілге алынғандар туралы деректер алынды. Арнайы ұйымдастырылған келіссөздер барысында кепілге алынған адамдардың өмірін сақтап қалу үшін террористердің барлық талаптары орындалды. Алайда олар оқиға орнынан кетуге ұмтылу барысында ұсталып, жойылды.
Арнайы оқу-тәжірибе қорытындысы бойынша кемшіліктерді жою шараларын әзірлей отырып, нәтижелерге талдау жүргізілді. Сондай-ақ оқу тәжірибеге қатысушылардың теориялық деңгейі тексеріліп, әр жедел топтардың дайындығына тиісті баға берілді.
Материал ҚР ҰҚК Маңғыстау облысы бойынша
департаментінің ақпараты негізінде дайындалды
Источник:
Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка -