Облыс әкімі Мойынқұм ауданындағы ауызсу инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстарын тексерді
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Мойынқұм ауданына жұмыс сапарымен барды.
Іссапар Биназар және Мойынқұм ауылдарындағы ауыз су нысандары мен су құбырларын қайта жаңғырту жұмыстарымен танысудан басталды.
Қазіргі таңда осындай жобалар Бірлік, Шығанақ, Құмөзек ауылдары мен Мыңарал станциясында да жүргізілуде. Ауызсу инфрақұрылымын жаңғыртуға жалпы 8,5 млрд теңге бөлінген.
Өңір басшысы құрылыс жұмыстарын тұрғындарға қолайсыздық келтірмей, сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды.
Сонымен қатар Ербол Қарашөкеев Мойынқұм ауылындағы күрделі жөндеуден өткен өрт сөндіру бөлімінде болды. Бұл бөлімше 28 мыңға жуық аудан тұрғынының қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
1987 жылы салынған ғимарат араға шамамен 40 жыл салып алғаш рет күрделі жөндеуден өтті. Нәтижесінде ғимарат пен қызметтік үй-жайлар толық жаңартылып, инженерлік желілер мен тіршілікті қамтамасыз ету жүйелері заманауи қауіпсіздік талаптарына сәйкестендірілді.
Бөлімшеде газ-түтіннен қорғау қызметінің бекеті, оқу сыныбы, заманауи тұрмыстық бөлмелер, демалыс аймағы және өрт сөндіру техникасына арналған бокстар жабдықталған. Сонымен қатар жеке құрамның дене даярлығын шыңдауға арналған заманауи талаптарға сай Batyr Team спорт залы ашылған.
Облыс әкімі бөлім қызметкерлеріне шомылу маусымы мен өрт қаупі жоғары кезеңде күшейтілген режимде жұмыс істеп, тұрғындар арасында профилактикалық жұмыстарды күшейтуді тапсырды.
Жұмыс сапарының қорытындысында Ербол Қарашөкеев ауданның әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымын дамыту бағытындағы жобалардың уақытылы әрі сапалы орындалуы қатаң бақылауда болатынын атап өтті.
Источник:
Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка -






























