ОНЛАЙН-СЕМИНАР: ТИРАНДЫҚ КЕЗДЕСУ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЖОҒАРЫ БІЛІМ БЕРУДЕГІ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары білім беруді дамыту ұлттық орталығы Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитетімен бірлесіп «Тирандық кездесу және оның жоғары білім берудегі құндылықтары» тақырыбында онлайн-семинар өткізді.
Іс-шараға ҚР Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасы Гүлзат Көбенова, ҚР ҒЖБМ Жоғары білім беруді дамыту орталығы директоры Ермек Мақаш, Қазақстанның жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының және Орталық Азияның білім беру мекемелерінің өкілдері қатысты.
Семинар барысында Болон процесінің негізгі аспектілері және оның аймақтағы жоғары білім берудің дамуына әсері талқыланды. Жуырда Албанияның Тирана қаласында өткен Болон процесінің бақылау тобының (BFUG) 91-ші отырысы шеңберінде Министрлер конференциясының қорытындысы бойынша дайындалған Болон процесін енгізу туралы есеп қаралды. Есеп Болон процесін жүзеге асырудың жан-жақты талдауы, сонымен қатар қазіргі жаһандық дағдарыстар жағдайында еуропалық жоғары білім беру кеңістігінің (EHEA) негізгі жетістіктері, мәселелері мен перспективаларынан тұрады.
Источник:
Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка -