ОСК ӨКІЛІ САЙЛАУҒА ДАЙЫНДЫҚ БАРЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ
Алдымен, Подстепное мектебінде орналасқан сайлау учаскесінде болып, дауыс беру кабиналарын, жәшіктерді және ақпараттық стендтерді қарап көрді. Сайлау күні инклюзивті ортаны қалыптастырудың маңызы зор. Оның ішінде пандустар, тактильді жолақтар мен мүгедектігі бар жандарға арналған арнайы орындар қарастырылуы тиіс. Комиссия хатшысы учаскелік сайлау комиссияларының мүшелеріне арналған семинарға да қатысты. Ал облыс орталығында өткен кеңесте мемлекеттік орган өкілдерімен кездесіп, Құрылтай сайлауын әзірлеу және өткізу мәселелерін пысықтады. Аймақта 488 учаскелік сайлау комиссиясы бар. Онда 3200-ден астам комиссия мүшесі жұмыс істейді. Облыс бойынша дауыс беру құқығы бар 452 мыңнан астам азамат тіркелген. Толығырақ Ұлттық арна жаңалықтарында: https://qazaqstan.tv/news/230572
Источник:
Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка -





