ПӘТЕРДІ САТЫП АЛУ ҚҰҚЫҒЫМЕН ЖАЛҒА АЛУ: 40 ОТБАСЫ ҮШІН ЖАҢА МҮМКІНДІК
Шымкентте 40 отбасы тұрғын үй жағдайын жақсартуға мүмкіндік алды. Олар сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй бағдарламасы аясында баспанамен қамтылды. Жаңа пәтерлер Бозарық шағынауданында орналасқан.
Пәтерлерді табыстау рәсіміне қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысты. Үйлер заманауи талаптарға сай салынып, жайлы өмір сүруге қажет инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген.
Пәтерлерді бөлу кезінде әлеуметтік қолдауды қажет ететін азаматтарға басымдық берілді. Олардың қатарында ерекше балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, көп балалы және толық емес отбасылар, зейнеткерлер, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар бар.
Әр отбасы үшін жаңа баспанаға ие болу – маңызды оқиға. Сатып алу құқығымен жалға беру тетігі тұрғындарға қазіргі тұрғын үй мәселесін шешіп қана қоймай, болашақта пәтерді өз меншігіне рәсімдеуге мүмкіндік береді.
Айта кетейік, қалада халықтың түрлі санаттарын тұрғын үймен қамтамасыз етуге бағытталған жалға берілетін баспана құрылысы мен оны ұсыну жобалары жүйелі түрде жүзеге асырылуда.
Источник:
Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка -











