ПЕДАГОГТАРҒА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЖАТ АҒЫМҒА ЕРМЕУІНІҢ АЛДЫН АЛУ ЖАЙЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Атырау облыстық Ұлттық гимназиясында және Н.Тілендиев атындағы кіші өнер академиясында педагогтерге арналған жиында «Жәрдем-Атырау» КҚ-ның басшысы, теолог Артур Айтмағамбетов «Оқушылардың жат ағымдарға бет бұруының алдын алу үшін не істей аламыз?» тақырыбында ақпараттық-түсіндірме жұмысын жүргізді. Қатысқандар саны – 350 адам.
Артур Алтайұлы қоғамдағы оқушылар арасындағы дін аясында орын алып жүрген жағдаяттарды талдап, діни сауаттылықтың маңызы өте зор екенін, оны түсіндіруде ата-ана да, педагогтардың да ықпалы басымдығын баяндады.
Сонымен қатар теолог «Баланың өміріне қажетті тәлім-тәрбиенің іргетасы ата-анасы арқылы отбасында қаланып, мектеп қабырғасында жалғасады. Осы тұста үйдегі және мектептегі тәрбиенің қарама-қарсы болуы баланың психологиясына кері әсерін тигізеді. Сол себепті ата-аналармен түсіндіру жұмыстарын күшейту маңызды»,-деп атап өтті.
Материал Атырау облысы бойынша ТҚК аппаратының ақпараты негізінде дайындалды
Источник:
Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка -