Проведение контроля за соблюдением законодательства в сфере оказания государственных услуг: Карагандинская область, 23 Ноября 2023 года - новости на сайте gurk.kz

Проведение контроля за соблюдением законодательства в сфере оказания государственных услуг

Бүгінгі таңда Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті (бұдан әрі – Департамент)  Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидасының (2016 жылғы 8 желтоқсандағы № 78 бұйрығымен бекітілген) талаптарына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау бағытында бірқатар жұмыстарды жүзеге асырады.

Жүргізілген бақылау жұмыстарының нәтижелері бойынша мемлекеттік органдарға заңнама талаптарын қатаң сақтау, бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою, сондай-ақ кінәлі тұлғаларды көзделген жауаптылыққа тарту жөнінде ұсынымдар жіберіледі.

Бұдан басқа, көрсетілетін қызметті алушылардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру бойынша жұмыстар ұйымдастырылуда.

Бұл ретте, заңнамада көрсетілген бақылау тетіктері тұтастай алғанда осы саладағы проблемалық мәселелерді анықтауға және оларды болдырмау бойынша шаралар кешенін қабылдауға мүмкіндік беретінін атап өткім келеді.

Құрметті қызмет алушылар, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 2023 жылы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасымен қанағаттану деңгейін анықтау мақсатында «Ашық диалог» алаңында онлайн нысанда сауалнама жүргізіп жатыр.

Сауалнамаға https://m.egov.kz/survey/ сілтемесі арқылы өтіп, белсенді түрде қатысуларыңызды сұраймыз.

Бұдан бөлек, ақпараттық жүйелердегі іркілістерге және халыққа мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде өзге де проблемалық мәселелер бойынша шұғыл әрекет ету, оларды ұсыну сапасына мониторинг жүргізу, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушылардың қанағаттану деңгейін арттыру, халықпен кері байланыс орнату және қызмет алушылардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін бұзуға жол бермеу мақсатында «Telegram» қосымшасында «ONAY_QYZMET_QRG» арнасы құрылды.

Арнаға келесі сілтеме https://t.me/Onay_Qyzmet_Qrg немесе QR-код арқылы тіркелуге болады.

Сонымен қатар, мемлекеттік қызмет алу барысында әкімшілік кедергілер (мерзімін бұзу, артық құжаттар талап ету, төрешілдік пен сөзбұйдалық көріністеріне жол беру және т.б.) кездескен жағдайда Департаментке келесі мекен-жай бойынша жүгінуге болады: Қарағанды қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 39. Байланыс нөмерлері 8 (7212) 50-40-66, 8 (7212) 50-33-83 кеңсе нөмірі.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша Департаменті Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер  басқармасының бас маманыС. Амангельдинованың мақаласы

Источник: ГУ «Аппарат акима города Шахтинск»

Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка - https://t.me/gurkkz

gurk.kz

Еще новости региона