Әр адамның жауапкершілігі – ортақ қауіпсіздік!
ҚР ҰҚК Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы бойынша департаментінің ТҚО бөлімінің қызметкерлері «ARAY CITY MALL» сауда-ойын-сауық орталығының және А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінің персоналына террористік сипаттағы көріністер орын алған кездегі іс-қимыл алгоритміне сәйкес әрекет ету бойынша теориялық сабақ өткізілді.
Дәріс барысында аталған сала бойынша жаңадан қабылданған нұсқаулықтардың талаптары жеткізіліп, террористік тұрғыдан осал объектілердің инжинерлік-техникалық қамтамасыз етілуі жайында сөз қозғалды. ҚР ТҚО Штабымен дайындалған оқулық бейнематериалдар, жарылғыш заттардың болуы мүмкін түрлері және террористік сипаттағы қауіп төнген кездегі алғашқы әрекеттер бойынша жадынамалар көрсетілді.
Мамандар лаңкестік әрекеттерден сақтанып қорғана білу үшін әрбір азамат қырағылық танытып, сақтық шараларын, алғашқы әрекет алгоритміне сәйкес тиісті шараларды дер кезінде жүзеге асыра білу қажеттігі туралы атап өтті.
Аталған іс-шара қатысушылардың теориялық білімдерін жетілдіруге өз ықпалын тигізді.
Материал ҰҚК Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы
бойынша департаментінің ақпараты негізінде дайындалды
_______________________________________________________________
Источник:
Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка -