Өңірлерде Терроризмге қарсы комиссияларының кезекті отырыстары өтті
Ақтөбе және Алматы облыстарында Терроризмге қарсы комиссияларының кезекті отырыстары өтті.
Жиындарға комиссияның тұрақты мүшелері қатысты.
Шаралар барысында жоспарға сай террористік тұрғыдан осал объектілер мен жастар және жасөспірімдердің теріс ағымға бет бұруына ықпал ететін мәселелердің шешу жолдарын қарастыру, оңалту саласындағы іс-шаралар деңгейін алдын алу және күшейту жолдарының жай-күйі талқыланды.
Полиция департаменті және дін істер басқармасының басшылығы аталған бағытта жасалған жұмыстар жөнінде баяндамалар жасады.
Сондай-ақ, қылмыстық-атқару жүйесі департаменті мекемелерінде оңалту жұмысының мәселелері, сондай-ақ оларды шешу жолдары жөнінде өзара пікір алмасты.
Отырыс нәтижесі бойынша қатысушыларға тиісті тапсырмалар мен ұсыныстар берілді.
Материал Ақтөбе және Алматы облыстарының Терроризмге қарсы
комиссиялары аппараттарының ақпараты негізінде дайындалды
________________________________________________________________
Источник:
Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка -