Сайлау 2026: Түркістан облысында 20 мыңнан аса жас алғаш рет дауыс береді: Туркестанская область, 13 Августа 2026 года - новости на сайте gurk.kz

Сайлау 2026: Түркістан облысында 20 мыңнан аса жас алғаш рет дауыс береді

Елімізде маңызды саяси науқан — Қазақстан Республикасы Құрылтай депутаттарын сайлауға дайындық жұмыстары қызу жүріп жатыр. Әсіресе, бұл жолғы сайлаудың ерекшелігі — саяси науқанға алғаш рет қатысып, өз таңдауын жасайтын жас сайлаушылардың қатары қалың. Түркістан облысы бойынша көктемдегі рефрендумнан кейін ҚР Құрылтай депутаттарын сайлау науқанына қатысып, алғаш рет дауыс беретін жастардың саны - 20 292 адамды құрайды. Олардың ішінде 114 азамат дәл 23 тамыз күні кәмелеттік жасқа толып, алғаш рет азаматтық борышын өтемек. Бұл — өңірдегі жастардың саяси белсенділігі мен ел болашағына деген жауапкершілігінің айқын көрінісі. Жалпы өңірдің демографиялық көрсеткіштері де көңіл қуантарлық. Түркістан облысының жалпы тұрғындар саны 2 146 700 адамға жетсе, оның ішінде 1 204 659 азамат (халықтың 56%-ы) дауыс беру құқығына ие. Азаматтардың өз таңдауын емін-еркін жасауы үшін облыста 952 учаскелік сайлау комиссиясы жұмыс істейді. Өңірдегі демографиялық өсім мен жаңа құрылыстардың қарқын алуына байланысты биыл Түркістан қаласында 3 және Сауран ауданында 1 жаңа сайлау учаскесі ашылды. Сонымен қатар қолайлылық үшін 6 учаскенің шекарасы қайта қаралды. Бүгінгі таңда барлық 952 сайлау учаскесі қажетті материалдық-техникалық базамен 100 пайыз қамтамасыз етілген. Бұл өз кезегінде сайлаудың ашық, әділ әрі заң талаптарына сай өтуіне толық кепілдік береді.

Источник: ГУ "Аппарат акима Туркестанской области"

Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка - https://t.me/gurkkz

gurk.kz
Елімізде маңызды саяси науқан — Қазақстан Республикасы Құрылтай депутаттарын сайлауға дайындық жұмыстары қызу жүріп жатыр. Әсіресе, бұл жолғы сайлаудың ерекшелігі — саяси науқанға алғаш рет қатысып, өз таңдауын жасайтын жас сайлаушылардың қатары қалың. Түркістан облысы бойынша көктемдегі рефрендумнан кейін ҚР Құрылтай депутаттарын сайлау науқанына қатысып, алғаш рет дауыс беретін жастардың саны - 20 292 адамды құрайды. Олардың ішінде 114 азамат дәл 23 тамыз күні кәмелеттік жасқа толып, алғаш рет азаматтық борышын өтемек. Бұл — өңірдегі жастардың саяси белсенділігі мен ел болашағына деген жауапкершілігінің айқын көрінісі. Жалпы өңірдің демографиялық көрсеткіштері де көңіл қуантарлық. Түркістан облысының жалпы тұрғындар саны 2 146 700 адамға жетсе, оның ішінде 1 204 659 азамат (халықтың 56%-ы) дауыс беру құқығына ие. Азаматтардың өз таңдауын емін-еркін жасауы үшін облыста 952 учаскелік сайлау комиссиясы жұмыс істейді. Өңірдегі демографиялық өсім мен жаңа құрылыстардың қарқын алуына байланысты биыл Түркістан қаласында 3 және Сауран ауданында 1 жаңа сайлау учаскесі ашылды. Сонымен қатар қолайлылық үшін 6 учаскенің шекарасы қайта қаралды. Бүгінгі таңда барлық 952 сайлау учаскесі қажетті материалдық-техникалық базамен 100 пайыз қамтамасыз етілген. Бұл өз кезегінде сайлаудың ашық, әділ әрі заң талаптарына сай өтуіне толық кепілдік береді.

Еще новости региона