Сайрам және Түлкібас аудандарына әдістемелік-тәжірибелік көмек көрсетілді
Түркістан облысы Терроризмге қарсы комиссиясының жұмысшы тобымен облыс аумағындағы ДДА жақтастары ең көп шоғырланған Сайрам және оған іргелес Түлкібас аудандарына іс-сапар ұйымдастырылып, аудандық ТҚК-ға экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл және олардың алдын алу бойынша әдістемелік-тәжірибелік көмек көрсетілді.
Іс-сапар барысында Аудандық ТҚК-ның кезектен тыс комиссиялық отырыстары өткізілді.
Отырыстарда облыстық ТҚК-мен және аудандық ТҚК-ның хаттамалық тапсырмаларының орындаушылық тәртібі, 2025 жылы атқарылған профилактикалық шаралары қаралып, бағаланды.
Отырыс нәтижесімен төмен нәтиже көрсеткен ТҚК мүшелеріне жұмысты жүйелі атқару бойынша көмек көрсетіліп, тиісті бағыт-бағдар берілді.
Отырыс қорытындысымен облыстық ТҚК-мен 2026 жылға қойылған жоспар талқыланып, атқарылуы тиіс іс-шаралар туралы хаттамалық тапсырмалар берілді.
Сонымен бірге, комиссия мүшелері тарапынан баяндамашыларға тиісті сұрақтар қойылып, аталған бағытта жұмыстарды жүйелі ұйымдастыруды тапсырды.
Іс-сапар соңында аудандық ТҚК мүшелеріне ең алдымен басым бағытты экстремизм мен терроризмнің алдын-алуға бағыттау қажет екенін және бұл бағытта кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылыққа қарсы профилактикалық шараларды белсендету туралы жеткізілді.
Отырыстардың қорытындысы бойынша аудандық ТҚК мүшелері тарапынан сын-пікірлер айтылып, сұрақтар қойылды және комиссия мүшелерімен жауаптар берілді.
Материал Түркістан облысы бойынша ТҚК аппаратының ақпараты негізінде дайындалды
Источник:
Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка -













