Сайрамда облыстық ақпараттық-түсіндіру тобы тұрғындармен кездесті
Түркістан облысы аумағында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу және облыс тұрғындарын керағар діни ағым өкілдеріне қарсы иммунитетін қалыптастыру мақсатында облыстық ақпараттық-түсіндіру тобы Сайрам ауданы тұрғындарымен кездесті.
Алқалы басқосуға Сайрам ауданы әкімінің орынбасары Мадияр Әліпов, Түркістан облыстық полиция подполковнигі Абзал Аитов, Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшысы Эльмира Жанғазиева, Сайрам аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ басшысының орынбасары Алмас Бағдатов, Түркістан облысы дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ бөлім басшысы Айбек Тағай, сондай-ақ психологтар, БАҚ өкілдері қатысты.
Жиын барысында «Білімді ұрпақ - жарқын болашақ кепілі», экстремизм мен терроризмге қарсы ақпараттық-насихаттық алдын алу және сақтандыру бағыттары, интернет кеңістігіндегі түрлі қауіпті уағызшылардың айла-тәсілдері сиқты тақырыптар талқыланды.
Аталған мәселелер төңірегінде жауапты сала жетекшілері мазмұнды баяндама жасады, ал тұрғындар өз сауалдарын қойып, ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.
Материал Түркістан облысы Терроризмге қарсы
комиссия аппаратының ақпараты бойынша дайындалды
____________________________________________________________
Источник:
Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка -