ТҰРАН АУДАНЫНДА КӘРІЗ ЖЕЛІСІНІҢ ЖОБАСЫ ӘЗІРЛЕНУДЕ: Туркестанская область, 13 Августа 2026 года - новости на сайте gurk.kz

ТҰРАН АУДАНЫНДА КӘРІЗ ЖЕЛІСІНІҢ ЖОБАСЫ ӘЗІРЛЕНУДЕ

Шымкент қаласының Тұран ауданындағы Қазыбек би, Лихачев, Байзақұлы, Жандосов, Верещагин, Шолохов және Уәлиханов көшелеріндегі нысандарды орталықтандырылған кәріз жүйесіне қосу мақсатында тиісті жұмыс жобасы әзірленуде.

Жобаның негізгі мақсаты – осы көшелердегі үйлерді орталықтандырылған кәріз жүйесімен қамтамасыз етіп, аумақтың инженерлік-коммуналдық инфрақұрылымын дамыту.

Жоба аясында 395 үйді орталықтандырылған кәріз жүйесіне қосу көзделіп отыр. Нәтижесінде 1 305 тұрғын сапалы инженерлік-коммуналдық қызметпен қамтамасыз етіледі.

Жобаны іске асыру арқылы:

үйлерді орталықтандырылған кәріз жүйесіне қосу қамтамасыз етіледі; кәріз жүйесінің тұрақты әрі сенімді жұмыс істеуіне жағдай жасалады; аумақтың санитарлық-эпидемиологиялық жағдайы жақсарады; қоршаған ортаға түсетін экологиялық жүктеме төмендейді; тұрғындардың тұрмыстық жағдайы жақсарады; Тұран ауданының инженерлік-коммуналдық инфрақұрылымы одан әрі дамиды.

Аталған жоба Шымкент қаласының инженерлік инфрақұрылымын жаңарту және дамыту, тұрғындарды сапалы коммуналдық қызметтермен қамтамасыз ету, сондай-ақ, қолайлы әрі қауіпсіз өмір сүру ортасын қалыптастыру бағытындағы жұмыстың бірі болып табылады.

Источник: ​ГУ "Аппарат акима города Шымкент"

Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка - https://t.me/gurkkz

gurk.kz

Шымкент қаласының Тұран ауданындағы Қазыбек би, Лихачев, Байзақұлы, Жандосов, Верещагин, Шолохов және Уәлиханов көшелеріндегі нысандарды орталықтандырылған кәріз жүйесіне қосу мақсатында тиісті жұмыс жобасы әзірленуде.

Жобаның негізгі мақсаты – осы көшелердегі үйлерді орталықтандырылған кәріз жүйесімен қамтамасыз етіп, аумақтың инженерлік-коммуналдық инфрақұрылымын дамыту.

Жоба аясында 395 үйді орталықтандырылған кәріз жүйесіне қосу көзделіп отыр. Нәтижесінде 1 305 тұрғын сапалы инженерлік-коммуналдық қызметпен қамтамасыз етіледі.

Жобаны іске асыру арқылы:
үйлерді орталықтандырылған кәріз жүйесіне қосу қамтамасыз етіледі; кәріз жүйесінің тұрақты әрі сенімді жұмыс істеуіне жағдай жасалады; аумақтың санитарлық-эпидемиологиялық жағдайы жақсарады; қоршаған ортаға түсетін экологиялық жүктеме төмендейді; тұрғындардың тұрмыстық жағдайы жақсарады; Тұран ауданының инженерлік-коммуналдық инфрақұрылымы одан әрі дамиды.
Аталған жоба Шымкент қаласының инженерлік инфрақұрылымын жаңарту және дамыту, тұрғындарды сапалы коммуналдық қызметтермен қамтамасыз ету, сондай-ақ, қолайлы әрі қауіпсіз өмір сүру ортасын қалыптастыру бағытындағы жұмыстың бірі болып табылады.

Еще новости региона