ТҮРКІСТАН: АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ, ҚҰРЫЛЫС, ЖОЛ САЛАЛАРЫНДАҒЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІ ҚАРАЛДЫ
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен облыс әкімдігі жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның отырысы өтті.
Жиында ауыл шаруашылығы, құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары салаларындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу және оларды жою бағытындағы жұмыстар қаралды.
Алдымен ауыл шаруашылығы басқармасындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген сыртқы талдау қорытындысы талқыланды. Әсіресе мемлекеттік қызмет көрсету, субсидия бөлу және бюджет қаражатын пайдалану кезінде анықталған тәуекелдерге назар аударылды. Өтінімдерді қарау кезінде адами факторды азайту, шешім қабылдаудың ашықтығын қамтамасыз ету және бірдей жағдайдағы өтінімдерге бірдей талап қолдану мәселелері көтерілді.
Сонымен қатар құрылыс саласындағы ішкі талдау барысында анықталған тәуекелдер қаралып, тиісті шараларды қабылдау қажеттігі айтылды. Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласында жаңа бағыттарды ашу кезінде белгілі бір тасымалдаушыға артықшылық беруге жол бермеу, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жұмыстарын күшейту мәселелері сөз болды.
– Біздің басты мақсатымыз – мемлекеттік қолдау шараларының шынайы мұқтаж азаматтар мен ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге әділ, ашық және бірдей қағидаттар негізінде көрсетілуін қамтамасыз ету. Сондықтан сыбайлас жемқорлық тәуекелдері жою бойынша тиісті шаралар қабылдап, сапалы жұмыс жүргізуді тапсырамын. Квазиметлекеттік сектор мекемелерінде жүргізіліп жатқан ішкі талдау субъектілерінің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін туындататын нақты кейстерді анықтап, қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес тиісті шаралар қабылдаңыздар, – деді Нұралхан Көшеров.
Комиссия отырысының қорытындысымен анықталған тәуекелдер мен бұзушылықтарды жою бойынша жоспар әзірлеу, шешім қабылдаудың ашықтығын және қаржылық бақылауды қамтамасыз ету, мемлекеттік қызмет көрсету мен субсидиялау барысында анықталған тәуекелдер бойынша жауапты қызметкерлердің жауапкершілігін заң аясында қарау жөнінде тапсырмалар берілді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Источник:
Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка -












