ТҮРКІСТАН: АУЫЛ – ТУРИЗМНІҢ ЖАҢА ТАРТЫЛЫС ОРТАЛЫҒЫ: Туркестанская область, 18 Августа 2026 года - новости на сайте gurk.kz

ТҮРКІСТАН: АУЫЛ – ТУРИЗМНІҢ ЖАҢА ТАРТЫЛЫС ОРТАЛЫҒЫ

Түркістанда ауыл туризміне жаңа серпін беріліп, тарихи мұра мен табиғи көрікті жерлерді туристер үшін тартымды нысандарға айналдыруға басымдық берілуде. Өңірде ауылдық жерлердің табиғи, тарихи және мәдени әлеуетін экономикалық мүмкіндікке айналдыру бағытында нақты жобалар қолға алынған. Бұл бағыттағы жұмыстар облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің жіті бақылауында. Түркістан – тарихы терең, табиғаты көркем, туристік мүмкіндігі мол өңір. Бір аумақта көне қалалар мен тарихи кесенелер орналасса, енді бірінде таулар мен шатқалдар, өзендер мен көрікті ауылдар бар. Осы әлеуетті тиімді пайдалану арқылы туризмді өңір экономикасының маңызды драйверлерінің біріне айналдыру көзделіп отыр. Осы бағытта облыс әкімдігі отандық инвесторлармен бірлесіп, бірқатар жобаны пысықтауда. Өңір басшысының ұстанымы – ауылдың дамуын тек инфрақұрылым тартумен шектемеу. Ауылдың табиғаты, тарихы, қолөнері, ұлттық тағамы мен өзіндік өмір салтының өзі туристік өнімге айналуы тиіс. Облыс әкімі оңтүстіктен шыққан кәсіпкерлерді, туған жерінің дамуына жанашыр азаматтарды және инвестициялық мүмкіндігі бар азаматтарды осы іске белсенді атсалысуға шақырады. Өйткені ауылдың туристік әлеуетін ашу – жаңа демалыс орындарын қалыптастырып қана қоймай, жергілікті халыққа табыс табуға мүмкіндік береді. Басты мақсат – туристің өңірге келіп, бір нысанды көріп қайтуымен шектелмей, бірнеше күн аялдауына жағдай жасау. Ол үшін қонақ үйлер, визит-орталықтар, қоғамдық тамақтану орындары, этноауылдар, демалыс орындары, мәдени және білім беру кеңістіктері қатар дамуы қажет. Осылайша Түркістан облысында туризмнің жаңа моделі қалыптасып келеді. Оның өзегінде – тарихы бар Түркістан, табиғаты бар ауыл, мүмкіндігі бар кәсіпкер және өңірге инвестиция салуға дайын инвестор. Облыс әкімі Нұралхан Көшеров туризмді туристер санын арттырудың құралы ғана емес, өңір экономикасын дамытатын маңызды бағыт ретінде қарастыратынын атап өтті. – Түркістан облысы – тарихы терең, рухани мұрасы бай, табиғи әлеуеті жоғары және туризмді дамытудың мүмкіндігі мол өңір. Бүгінде облыста туризмді жаңа деңгейге көтеру, туристік инфрақұрылымды дамыту, инвестиция тарту және жергілікті тұрғындар үшін жаңа жұмыс орындарын ашу бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Біз туризмді тек туристер санын арттыру бағыты ретінде емес, өңір экономикасының маңызды драйверлерінің бірі ретінде қарастырамыз. Себебі туризм дамыса, қонақ үй, тамақтану, көлік, сауда, қызмет көрсету, қолөнер секілді көптеген сала қатар дамиды. Сондықтан бұл бағыттағы жұмысты мемлекеттік органдардың ғана міндеті деп қарамаймыз. Жеке кәсіпкерлердің, инвесторлардың, қоғамдық және қайырымдылық ұйымдардың белсенді қатысуы өңірге жаңа серпін береді, – деді Нұралхан Көшеров. Түркістан облысында туризмді дамыту жаңа нысандар салумен ғана шектелмейді. Тарихи нысандарға жаңа тыныс беріліп, тарихи-мәдени мұраны сақтап, оны заманауи туристік өнімге айналдыруға да басымдық берілуде. Туризм саласында тәжірибесі бар «Pana Asia» ЖШС Түркістан облысында бірнеше жобаны жүзеге асыру мүмкіндігін қарастырып отыр. Компанияның өңірдегі бастамалары тарихи-мәдени мұраны жаңғырту, табиғи аумақтарды туристік айналымға енгізу және заманауи туристік инфрақұрылым қалыптастыруды қамтиды. Соның ішінде Ақмешіт – Ишан базар тарихи-архитектуралық кешенін «мешіт – музей – кітапхана – мәдени-ағартушылық орталық» үлгісіндегі заманауи рухани-мәдени кеңістікке айналдыру ұсынылып отыр. Ал Шаяндағы Аппақ Ишан медресесін медресе, кітапхана, музей және зерттеу орталығын біріктіретін білім мен руханият ордасы ретінде дамыту көзделуде. Бұл нысандарды бір туристік бағытқа біріктіру арқылы Түркістан облысының рухани және білім беру туризмінің жаңа бағытын қалыптастыруға мүмкіндік бар. Өңірде тау туризмін дамытуға да ерекше мән берілуде. Қаскасу мен Сайрам-Өгем бағыттарында туристерге қажетті инфрақұрылымды қалыптастыруға арналған жобалар пысықталуда. Қаскасу аумағында заманауи визит-орталық, этно-кофейня, демалыс аймағы және автотұрақтан тұратын кешен құру ұсынылған. Сайрам-Өгемде де туристер үшін ақпараттық және сервистік орталық құру көзделіп отыр. Мұнда этно-кофейня, демалыс аймағы мен автотұрақ қарастырылған. Мұндай нысандар туристер үшін жай ғана аялдама емес, табиғатпен таныстыратын, жергілікті мәдениет пен гастрономияны насихаттайтын «туризм қақпасына» айналмақ. Түркістан облысының басты артықшылығы – табиғи және тарихи ресурстардың бір өңірде тоғысуы. Сондықтан Түркістанда біртұтас туристік экожүйе қалыптастыруға күш салынбақ. Яғни турист Түркістан қаласынан шығып, Отырар, Сайрам-Өгем, Каскасу, Төлеби, Кентау және басқа да бағыттарға саяхаттай алатындай бірыңғай туристік маршруттар мен сапалы сервис қалыптастыру көзделуде. Отырарда туристік визит-орталық, кітапхана, қонақ үй және глэмпингтерді қамтитын кешен құру жобасы қарастырылуда. Бұл бастама туристердің Отырарда болу уақытын ұзартып, тарихи-археологиялық туризмді дамытуға мүмкіндік береді. Кентау маңындағы Хантау аумағында да туристік жоба іске асыру жоспарлануда. Негізгі мақсат – табиғи аумақты отбасылық және белсенді демалысқа бейімдеп, жаңа туристік бағыт қалыптастыру. Туризмнің экономикалық әсерін ауылдық жерлерге дейін жеткізу – өңірдегі басты міндеттердің бірі. Ауылда қонақ үй ашылса – жаңа жұмыс орны пайда болады. Турист жергілікті асханадан тамақтанса – ауыл кәсіпкерінің табысы артады. Қолөнершінің бұйымын сатып алса – ұлттық өнерге қолдау көрсетіледі. Ал ауылдың табиғаты туристік маршрутқа енсе, жергілікті тұрғындар үшін жаңа кәсіп бастауға мүмкіндік туады. Сондықтан Түркістан облысында туризмді дамыту – тек турист қабылдайтын нысандар салу емес. Бұл – ауылды дамыту, жергілікті кәсіпкерлікті қолдау, жаңа жұмыс орындарын ашу, тарихи-мәдени мұраны сақтау және өңір тұрғындарының табысын арттырудың тиімді тетігі. Түркістанның туристік әлеуеті – тек тарихи қалаларында емес, әр ауылдың табиғатында, мәдениетінде, тарихы мен дәстүрінде. Ендігі міндет – осы байлықты сақтай отырып, оны жаңа туристік мүмкіндіктерге айналдыру. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызмет

Источник: ГУ "Аппарат акима Туркестанской области"

Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка - https://t.me/gurkkz

gurk.kz

Еще новости региона