ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АГРАРЛЫҚ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА: Туркестанская область, 13 Августа 2026 года - новости на сайте gurk.kz

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АГРАРЛЫҚ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА

Түркістан облысы, Бәйдібек ауданының Ақбастау ауылында орналасқан «Baidibek Agro» шаруа қожалығында халықаралық маңызы бар аграрлық жоба жүзеге асырылуда. Аталған бастама өңірдегі сүтті бағыттағы мал шаруашылығын жаңа деңгейге көтеруге және халықаралық тәжірибені жергілікті өндіріс процесіне енгізуге бағытталған. Жоба аясында Түркістан облысына Senior Experten Service (SES) халықаралық бағдарламасы арқылы Германия Федеративтік Республикасынан жоғары білікті аграрлық сарапшы Йозеф Фёгеле арнайы шақырылды. Бұл – жергілікті кәсіпкерлер үшін әлемдік тәжірибені тікелей өндіріс алаңында меңгеруге берілген бірегей мүмкіндік. Аталған жобаны жүзеге асыруда «TÚRKISTAN» кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы маңызды рөл атқарды. Мекеме директоры Берік Кенжебаевтың айтуынша, орталық тарапынан SES халықаралық ұйымымен байланыс орнату, қажетті құжаттарды рәсімдеу, шетелдік сарапшыны шақыру және жобаны үйлестіру бойынша кешенді жұмыстар жүргізілді. Соның нәтижесінде жергілікті кәсіпорын халықаралық сарапшының тәжірибесін өндірістік жүйеге тиімді енгізуге мүмкіндік алды. «Baidibek Agro» шаруа қожалығы ауыл шаруашылығы саласында табысты жұмыс істейтін кәсіпорындардың бірі. Шаруашылықтың негізгі қызмет бағыттарына сүтті бағыттағы ірі қара мал өсіру, мал бордақылау, егін шаруашылығы, сондай-ақ дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды өсіру кіреді. Кәсіпорын заманауи агротехнологияларды енгізу арқылы өндіріс тиімділігін арттыруға және өңірдің агроөнеркәсіптік әлеуетін дамытуға үлес қосып келеді. SES бағдарламасы аясында шаруашылық басшылығы халықаралық сарапшының тәжірибесін пайдалана отырып, сүтті бағыттағы малдың өнімділігін арттыруды, азықтандыру жүйесін жетілдіруді, табынның генетикалық әлеуетін тиімді пайдалануды, жемшөп қорын ғылыми негізде ұйымдастыруды және өндірістік шығындарды төмендетуді көздеп отыр. Сонымен қатар, сүт сапасын жақсартып, өндіріс көлемін ұлғайту, фермадағы басқару жүйесін жетілдіру және халықаралық стандарттарға сай өндіріс мәдениетін қалыптастыру жоспарланған. Германиядан келген халықаралық аграрлық сарапшы Йозеф Фёгеле Алишер Ахметов басқарып отырған шаруашылықтың өндірістік үдерістерімен танысып, алғашқы жұмыс кездесулерін өткізді. Алдағы екі апта бойы ол кәсіпорын мамандарымен бірге жұмыс істеп, сүтті мал шаруашылығын тиімді ұйымдастыру, мал азығын басқару, ферма менеджменті және өндірістік көрсеткіштерді арттыру бағытында практикалық ұсынымдар береді. Бұл бастама Түркістан облысында халықаралық тәжірибені өндіріске енгізудің жарқын үлгісі саналады. Жоба өңірдегі ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, заманауи технологияларды енгізуге және агроөнеркәсіп кешенінің тұрақты дамуына жаңа серпін береді. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Источник: ГУ "Аппарат акима Туркестанской области"

Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка - https://t.me/gurkkz

gurk.kz

Еще новости региона