Түркістан облысында Конгресс Холл көпсалалы кешен қызметкерлерімен терроризм қаупінің алдын алу бойынша кездесу өтті
ҚР ҰҚК Түркістан облысы бойынша департаменті Терроризмге қарсы орталық бөлімінің үйлестіруімен Терроримзге қарсы комиссия жұмысшы топ мүшелерінің қатысуымен Түркістан облысы Мәдениет басқармасына қарасты Конгресс Холл көпсалалы кешен қызметкерлерімен терроризмге қарсы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша түсіндірме профилактикалық жұмыстары өткізілді.
Іс-шараның басты мақсаты – Конгресс Холл көпсалалы кешен басшылығы мен қызметкерлеріне ҚР Мәдениет және ақпарат министірінің 2024 жылғы 31 шілдедегі №334 «Қазақстан Республикасының мәдениет саласындағы қызметті жүзеге асыратын террористік тұрғыдан осал объектілерінің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» бұйрықты түсіндіру және діни сауаттылықты арттыру, жастарды радикалды ағымдарға тартудың алдын алу.
Сонымен бірге, нақты мысалдарды пайдалана отырып, объектілерде алғашқы әрекет ету алгоритмі және олардың айналасындағы күдікті адамдар мен заттарды анықтау, қылмыс жасау немесе қатер төндіру туралы хабарламаларды (телефон, почталық арна, электрондық почта және т.б.) лаңкестік әрекеттерді жасау, орнатылған жарылғыш заттар, қарулы шабуыл, сондай-ақ кепілге алдынған кезде, қалай іс-әрекет ету керектігі түсіндірілді. Шара соныңда ҚР ТҚО Штабы дайындаған оқу бейнематериалдары көрсетілді.
Жиын қорытындысы бойынша, қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, жауапты қызметкерлермен толыққанды жауаптар берілді.
ҚР ҰҚК Түркістан облысы бойынша департаменті ТҚО бөлімі
Источник:
Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка -









