Түркістан студенттеріне алгоритм ережелері түсіндірілді
А.ж. 10 қазан күні ҚР ҰҚК Түркістан облысы бойынша департаменті Терроризмге қарсы орталық бөлімінің үйлестіруімен және Полиция департаменті, Дін істері басқармасына қарасты Дін мәселелерін зерттеу орталығының мамандарымен бірлесе, Түркістан қаласында орналасқан Халықаралық туризм және меймандостық университетінің ұжымы мен студенттеріне арналған терроризмге қарсы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша түсіндіру-профилактикалық жұмыстары өткізілді.Іс-шараның басты мақсаты – Халықаралық туризм және меймандостық университетінің ұжымы мен студенттеріне террористік тұрғыдан осал объектілерінің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі бұйрықтың талаптарын түсіндіру және жастар арасында экстремизм мен терроризмге қарсы иммунитет қалыптастыру болып табылады. Іс-шара барысында студенттердің санасын әлеуметтік желілер мен онлайн платформалар арқылы манипуляциялау тәсілдері, экстремистік және террористік ықпалдың алдын алу және қорғау әдістері қаралды.Объектілерде терроризмге қарсы алғашқы әрекет ету алгоритмі және олардың айналасындағы күдікті адамдар мен заттарды анықтау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Шара соныңда ҚР ТҚО штабының материалдары негізінде Департаментпен дайындалған бейнематериалдар көрсетілді.Жиын қорытындысы бойынша, қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, жауапты қызметкерлермен толық жауаптар берілді.
ҚР ҰҚК Түркістан облысы бойынша департаментінің ТҚО бөлімі
Источник:
Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка -










