Түркістанда «Біз терроризмге қарсымыз!» тақырыбында сурет салудан байқау өткізілді
ҚР ҰҚК Түркістан облысы бойынша департаменті Терроризмге қарсы орталық бөлімінің ұйымдастыруымен «Мұз сарайы» спорт кешенінде мектеп оқушыларының арасында «Біз терроризмге қарсымыз!» тақырыбында сурет салудан байқау өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – жасөспірімдер арасында терроризмге қарсы тұрақты иммунитет қалыптастыру, ақпараттық сауаттылық деңгейін арттыру және бейбітшілік пен қоғамдық тұрақтылықты насихаттау болды және терроризмге қарсы ақпараттық сауаттылығын арттырып, қауіптердің алдын алу мәдениетін қалыптастыруға бағытталды.
Байқауға арнайы «Біз терроризмге қарсымыз!» жазуымен үлкен баннер дайындалып, байқау қатысушыларына телеэкраннан қарсы насихаттық бейнематериалдар көрсетілді.
Байқау барысында оқушылар өздері салған суреттерін комиссия мүшелеріне таныстырып, ашық диалог орнатты.
Іс-шараға ҚР ҰҚК Түркістан облысы бойынша департаментінің бастығы, облыс прокуроры, ПД бастығы және білім басқармасы, спорт басқармасы, дін істері басқармаларының басшылары қатысты.
Байқау нәтижесімен жеңімпаз деп танылған оқушыларға облыстық ҰҚК департаментінің бастығы, облыс прокуроры және ПД бастығымен грамоталар мен бағалы сыйлықтар табысталды.
Өткізілген байқау нәтижесімен, мектеп оқушылары арасында терроризмге қарсы тұрақты иммунитет қалыптастырып, жасөспірімдердің хабардарлығын арттыруға және терроризмнің алдын алуға оң әсерін тигізді.
Материал Түркістан облысы бойынша
ТҚК аппаратының ақпараты негізінде дайындалды
Источник:
Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка -

















