Таразда терроризмге қарсы комиссияның кезекті отырысы өтті
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің төрағалығымен мемлекеттік және құқық қорғау органдары басшыларының қатысуымен терроризмге қарсы комиссияның кезекті отырысы өткізілді.
Отырыс барысында террористік тұрғыдан осал объектілерді терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру бойынша жүргізілген шаралар туралы сұрақтар қозғалды.
Облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Н.Рахметтулаев пен облыс әкімдігінің білім басқармасының басшысы М.Өмірбектің мемлекеттік органдардың терроризм актілерінің салдарын азайтуға және жоюға дайындығы туралы баяндамалары тыңдалды.
Сондай-ақ, жастар арасында деструктивті діни идеялардың таралуын болдырмау, алдын алу мәселелерінің ағымдағы жай-күйі талданды.
Жастар саясаты, дін істері және білім басқармасының басшылары жастар арасында терроризм мен экстремизмнің алдын алу бойынша іс-шаралардың нәтижелерін жеткізді.
Бұдан бөлек, Жамбыл және Жуалы аудандық терроризмге қарсы комиссияларының жұмыс нәтижелері мен тиімділігі туралы аудан әкімдерінің баяндамалары тыңдалды.
Жұмыс қорытындысы бойынша отырысқа қатысушыларға тиісті тапсырмалар берілді.
Материал Жамбыл облысы бойынша Терроризмге
қарсы комиссия аппаратының ақпараты негізінде дайындалды
Источник:
Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка -