«Террористік қауіп-қатерлерге терең мән беру». ҰҚК ТҚО бөлімі қызметкерлері Қызылорда облыстық сотында семинар-дәріс өткізді
ҚР ҰҚК Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы бойынша департаменті ТҚО бөлімінің қызметкерлері, Қызылорда облыстық сотында «Террористік қауіп-қатерлер туындаған жағдайдағы іс-қимыл алгоритмі» тақырыбында семинар-дәріс өткізді. Аталған іс-шараға сот қызметкерлері, денсаулық сақтау саласының мамандары және ҚР Полиция департаментінің қызметкерлері қатысты. Дәрістің негізі мақсаты - террористік сипаттағы қауіп-қатерлерге алғашқы ден қою әрекеттеріне оқытып, дайындау. Семинар барысында Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасының мамандары төтенше жағдайлар орын алған кезде алғашқы медициналық көмек көрсетудің маңыздылығын атап өтіп, алғашқы көмекті дұрыс әрі уақытылы көрсету тәсілдерін практикалық негізде көрсетіп, шараға қатысушылармен маңызды ақпараттармен бөлісті. ҚР ҰҚК Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы бойынша департаменті ТҚО бөлімінің қызметкерлері терроризмге қарсы күрес тек арнауы органдардың жұмысы ғана емес, барша қоғамның ортақ міндеті екенін атап өтіп. Террористік сипаттағы ықтимал қауіп туындаған жағдайдағы алғашқы іс-қимыл алгоритмін түсіндіре отырып, тәжірибе түрінде көрсетті. Сонымен бірге, спикерлер террористік іс-қимылдарға қарсы алғашқы іс-қимылдың маңыздылығына кеңінен тоқталып, арнайы дайындалған бейнероликтерді ұсынды. Шара соңында қатысушылардың белсенді, көкейкесті сұрақтарына жауаптар берілді.
Материал Қызылорда облысы бойынша ТҚК аппаратының негізінде дайындалды
Источник:
Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка -














