ТЕРРОРИЗМ - ҚАУЫМНЫҢ БАСТЫ ҚАУІПІ
Ағымдағы жылдың қазан айында Қызылорда облыстық терроризмге қарсы комиссиясының қызметі аясында Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде террористік және экстремистік идеологияға қарсы іс-қимыл бойынша студент жастары арасында ақпараттық-түсіндірме кездесуі өткізілді.
Іс-шараға республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері Е.Ж.Жақыпов пен Н.М.Бердібек қатысып, жастардың экстремизмге қарсы санасын қалыптастыру, діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелерінде құқықтық және азаматтық жауапкершілік деңгейін арттыру, Қазақстан жастарын радикалды және деструктивті діни ағымдардың ықпалына түсуін болдырмау мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Жиын барысында дін мәселелері бойынша ұлттық дін және діни құндылықтар аясында тыңдаушыларға рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру бағытында мәдениетіміз бен тарихи мұраның маңыздылығын, деструктивті жалған діни және радикалды идеялардың қауіптілігі туралы айтылып өтті.
Интернет пен шетелден діни білім, ақпаратты алудың қауіпі жөнінде баяндалып, діни мазмұндағы дұрыс мәліметтін алу көздерін ұсынылды.
Семинар соңында қатысушылар тарапынан спикерлерге сұрақтар койып, толыққанды жауаптарын алды.
Материал Қызылорда облысы бойынша ТҚК
аппаратының ақпараты негізінде дайындалды
Источник:
Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка -