Терроризм – шектен шыққан қылмыс!
Экстремизм мен терроризмнің алдын-алу Қазақстан Республикасы саясатының басым бағыттарының бірі болып табылады.
Осы ретте, Шардара ауданы «Достық», «Ақшеңгелді», «Сүткент» ауылдық округ әкімдіктерінің қызметкерлерімен экстремизм мен терроризмнің алдын-алуға бағытталған кездесу өтті.
Іс-шараның мақсаты – мемлекеттік қызметкерлер арасында экстремизм мен терроризм сипатындағы теріс идеологияның қалыптасуына және таралуына жол бермеу, олардың құқықтық және ақпараттық сауаттылығын арттыру болып табылады.
Кездесуде спикерлер қазіргі әлемде экстремизм мен терроризмнің таралу тәсілдерінің күрделене түскенін, оның ішінде ақпараттық кеңістік арқылы әсер етудің күшейгенін баса айтты.
Жиналыс аясында Дін мәселелерін зерттеу орталығының бөлім басшысы Қ.Салықбеков сөз сөйлеп: «Экстремизм мен терроризм бұл тек бір реттік қылмыс емес, ол – жүйелі түрде қоғамның ішінен іріткі салатын қауіп. Қазіргі террористік ұйымдар тек бомба арқылы ғана емес, жалған ақпарат арқылы да қоғамға қауіп төндіреді.
Терроризмге қарсы иммунитет – бұл ұжымдық жауапкершілік пен ашық диалог. Мемлекеттік қызметкер ретінде біз бірінші кезекте өзімізден бастап, айналамызға үлгі болуымыз қажет», - деп атап өтті.
Сондай-ақ, терроризм профилактикасы аясында қызметкерлерге экстремизм мен терроризмнің ерекшеліктері, оларды тану белгілері мен әлеуметтік желілерде жүргізілетін үгіт-насихаттың ықпалы жайлы түсіндірілді.
Кездесу қорытындысымен қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, нақты жауаптар берілді.
Материал Түркістан облысы бойынша ТҚК аппаратының ақпараты негізінде дайындалды
Источник:
Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка -













