ТЕРРОРИЗМ – ТАТУЛЫҚТЫ КҮЙШЕТУГЕ БАҒЫТТАЛҒАН ЖАҺАНДЫҚ МӘСЕЛЕ
Терроризм – татулық пен бейбітшілікті күйшетуге ықпал ететін бірден-бір жаһандық мәселе. Қазіргі таңда экстремизм мен терроризм адамзатқа төнетін шынайы қауіпке айналды. Осыған орай, Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев «Құқықтық мемлекетте қылмыс әлеміне орын жоқ, қарақшылықты түп тамырымен жою қажет. Түрлі экстремистердің, оның ішінде әсіре діншілдердің де елге іріткі салатын әрекеттеріне қатысты ұстаным дәл осындай болуы тиіс»,- деген болатын. Бүгінде жастарымыздың жат ағымдар жетегінде кетуінің алдын алу үшін олармен түсіндіру жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асып келеді. Яғни, Қызылорда облысы дін істері басқармасы дін мәселелерін зерттеу орталығының теолог мамандары қаладағы білім ошақтарында болып, мектеп оқушыларымен кездесті. Қ.Мұхамеджанов атындағы №1 мектеп-гимназида, №3 мектеп-лицейде, И.Панфилов атындағы №5 мектеп-лицейде, М.Сужиков атындағы №6 орта мектепте, №7 мектеп-лицейінде, Н.Ілиясов атындағы №9 мектеп-гимназияда, Ы.Алтынсарин атындағы №10 мектеп-лицейінде, М.Дүйсенов атындағы №15, мектеп-лицейінде, Ж.Қизатов атындағы №23 мектеп-лицейінде теологтар заманға сай білім алудың маңызын айтып, ата-ананы құрметтеу әрбір ұрпақтың борышы екенін түсіндірді. Әсіресе ұлттық құндылықтарды ұлықтай отырып, қоғам үшін қауіпті боп саналатын діни экстремизмнен сақтануға шақырды.
Материал Қызылорда облысы бойынша
ТҚК аппаратының негізінде дайындалды
Источник:
Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка -











