Терроризмге қарсы қорғау мәселелері бойынша семинар өтті
Алматы қаласында өңір аумағында қызмет көрсететін 70-тен астам жеке күзет ұйымдарының құрылтайшылары мен директорларының қатысуымен «Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру» тақырыбында семинар-кеңес өтті.Іс-шараға құқық қорғау және арнайы органдардың, қалалық әкімдік, прокуратура және тиісті сала мамандарының өкілдері қатысты. Атап айтқанда, экстремизмге қарсы іс-қимыл, әкімшілік полиция, ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес және күзет қызметін бақылау бөлімдерінің қызметкерлері қатысып, өз құзыреттері шеңберінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.Семинар барысында қатысушыларға:⦁ террористік тұрғыдан осал объектілердің қорғалуына қатысты ҚР заңнамасының талаптары;⦁ азаматтық және қызметтік қару айналымының қағидалары;⦁ ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар;⦁ құқық бұзушылықтың алдын алу тетіктері жөнінде кеңінен ақпарат берілді.Кездесу аясында қатысушылар өзара пікір алмасып, практикалық сұрақтар қойып, толыққанды құқықтық кеңес алды. Сонымен қатар, террористік тұрғыдан осал объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жергілікті деңгейде құқықтық қолдау көрсету тәсілдері талқыланды.Қатысушылардың айтуынша, семинар тәжірибе алмасу мен бірлескен іс-қимылды үйлестірудің тиімді алаңына айналды, әрі осындай форматтағы кездесулер алдағы уақытта да тұрақты өткізіліп тұратын болады.
Материал Алматы қаласы бойынша ТҚО бөлімінің ақпараты негізінде дайындалды
Источник:
Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка -









