В Талдыкоргане поздравили ветеранов с праздником "Амал мерекесі": Алматинская область, 14 Марта 2024 года - новости на сайте gurk.kz

В Талдыкоргане поздравили ветеранов с праздником "Амал мерекесі"

В Талдыкоргане поздравили ветеранов с праздником

Бүгін Талдықорғандағы Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында Көрісу күні - Амал мерекесі аталып өтілді, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Ең алдымен қарттардың құшақ ашып, төс түйістіріп, бір-бірімен көрісуі мерекенің мазмұнын айшықтай түсті. Аталған шаңыраққа арнайы барған облыс әкімінің орынбасары Марлен Көлбаев орталыққа келуші ардагерлерді Амал мерекесімен құттықтады

– Ардақты ақсақалдар, аяулы апа-әжелер! Қашанда қоғамның тегершігі саналған, тәрбие мен тәлімнің, өнегелі өмірдің қайнары саналған қазыналы қарты бар үйдің құты мен берекесі мол болмақ. Ендеше сіздерді осынау келіп жеткен қазақтың Көрісу күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Белсенді өмір сүру орталығындағы уақыттарыңыз қызықты өтсін, ұрпақ қызығын көріңіздер. Ұзақ жасаңыздар. Сіздер біздің арқасүйер тірегіміз, ақылшымыз, төріміздің киесісіздер, – деді Марлен Көлбаев өзінің құттықтау сөзінде.

Жиналған көпшілік үшін әжелердің би тобы «Қамажай» биін нақышына келтіре орындаса, Роза Төлегенқызы «Көрісу күні» атты өлеңін мәнерлеп оқып берді. Мереке күні ән-күймен қатар тілектер де толастаған жоқ. Сөз алған облыстық ардагерлер ұйымының төрағасы Ермек Келемсейіт, Талдықорған қаласының әкімі Ернат Бәзіл, «Respublica» партиясы Жетісу облыстық филиалының жетекшісі Ришат Асқарбекұлы мерекенің мән-маңызына тоқталып, ізгі тілектерін жеткізді.

Сол сияқты осы күні орталықтағы қарттарға сый-сияпаттар берілді.

Белсенді өмір сүру орталығына келушілердің бірі Мэлс Оқапов мекемедегі мерекелік шараға асыға жеткен қариялардың бірі. Ол өзінің шадыман көңіл күйімен пікірін білдіріп:

- Биыл Наурыздың он күн бойы тойланатынын естіп, қуанып жатырмыз. Мерекені бүгін Орталыққа келіп, Көрісу күнімен бастадық. Дәстүрлі мерекеміздің өрісі кеңейіп, мазмұны тереңдей түскені құптарлық. Баршаңызды жалпыхалықтық мерекемен құттықтаймын! – деді.

Мерекелік шара бұдан әрі Бикен Римова атындағы драма театрында жалғасып, театр сахнасында қалалықтар мен қала қонақтары үшін концерттік бағдарлама ұсынылды.

Еске салсақ, биыл Наурыз мерекесін жаңа тұжырымдамаға сәйкес Наурызнама онкүндігі ретінде өткізу туралы шешім қабылданған болатын. Онкүндіктің алғашқы күні, яғни 14 наурыз Көрісу күні немесе Амал мерекесімен басталды. Бұл - алты ай қыс­тан аман шыққан елдің арқа-жар­қа болып, көктемге есендікпен жеткенін дәріптеу салтын паш ететін күн.

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Источник: ГУ «Аппарат Акима города Талдыкоргана»

Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка - https://t.me/gurkkz

gurk.kz

Еще новости региона