Жұмыс іздеген әйелдерге бос орындар жәрмеңкесі ұйымдастырылды
Жәрмеңкеге келген 67 әйелдің тең жартысы жұмыс орнына жолдама алды.
Бүгін Ақтөбе облысы әкімінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөнiндегi комиссияның 2025 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес, 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне орай жұмыс іздеуші және жұмыссыз әйелдерге және бостандығынан айырылу орындарынан босатылған, пробация қызметінің есебінде тұрғандар, алимент бойынша борышкер азаматшаларға және т.б. арналған «Жұмысшы әйелдер» мамандықтары бойынша бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылды.
Бос жұмыс орнының жәрмеңкесі «Отбасын қолдау орталығы» КММ ғимараттарында, яғни «Анаға тағзым» және Есет батыр тұрғын алабында өтті.
Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтікбағдарламалар басқармасы, Ақтөбе қаласының әкімдігі, Ақтөбе қаласы және Ақтөбе облысының кәсіпкер әйелдер Қауымдастығының қолдауымен ұйымдастырылған жәрмеңкеге қаланың өндіріс және қызмет көрсету саласы бойынша 34 ұйым мен кәсіпорындар әр түрлі бағытта 276 бос жұмыс орнын ұсынды: жұмыс берушілер: «QazServiceGroup» ЖШС, «Анвар» ЖШС, «Ramazan Elevator» ЖШС, «Сариев и К» ЖШС, «Ақтөбе металлоконструкция зауыты» АҚ, «Психикалық ауытқуы бар балаларға арналған «Сана» түзету орталығы», «МАЛИКА» қоғамдық бірлестігі», «Жалпы білім беретін» «Білім» орта мектеп-гимназиясы» ЖШС, «Ramazan Qus» ЖШС, «Сұнқар Секьюрити» ЖШС, «Ұ.Құлымбетов атындағы ЖББОМ № 64 мектеп, «Ақтөбе облысы мамандандырылған күзет қызметі басқармасы» ММ-і, The NAMES beauty&coworkingәсемдік салоны, IClass, ИП Дарибаев, «World_stars» оқу орталықтары, «Kinder joy» ЖШС, «Derbes neurocentre» орталығы, «QADAM» тұлғаны дамыту орталығы, «МК Корпорация» ЖШС, ИП Амандос Айнель,ИП Торышева, «Media Pro World» ЖШС, «ИНТЕГРАЛ АКТОБЕ» ЖШС, «Caspian Guide»ЖШС, ИП Джангазиева- «Ателье Агиля», «Той дастархан» кондитерлік цехы, «Зару» шаруашылық қожалығының пантомен емдеу-санторийі, «CREATIVE SCHOOL-7» ЖШС, «АйгулекАиша» кондитерлік желісі, , «Jusan Bank» АҚ, «СПЕЦТРАНС-САМГУ» ЖШС бос жұмыс орындарын ұсынып, жәрмеңкеге қатысты.
Ұсынылған бос жұмыс орындары: өндіріс инженері, макарон цехына жұмысшы, нан зауытына жұмысшы, зертханашы, материалдық есепші, Оператор 1С, дефектолог, массаж жасаушы мейірбике, психолог, заңгер, сатушы-кассир, архитектор, бастауыш сыныптың,әртүрлі пәндердің мұғалімдері, кондитер, технолог, шаштаразшы, логопед-дефектолог, тігінші, аспазшы, санаторий басқарушысы, сатушы-кеңесші, сауда өкілі, жанар-жағар май станциясының операторы және басқада бос жұмыс орындары ұсынылды.
Бос жұмыс орындары (www.enbek.kz) электронды еңбек биржасы порталында жарияланады. Бүгінгі күнге порталда Ақтөбе қаласы бойынша 1019 бос жұмыс орны орналастырылған.
Ақтөбе қаласы және Ақтөбе облысының кәсіпкер әйелдер Қауымдастығы жәрмеңкеге қатысушы әйелдерге арнап, мерекелік дастархан жайылды.
Источник:
Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка -