Жұмысты тиімді ұйымдастырудың әдістері: Город Астана, 29 Февраля 2024 года - новости на сайте gurk.kz

Жұмысты тиімді ұйымдастырудың әдістері

Жұмысты тиімді ұйымдастырудың әдістері

Жұмысты тиімді ұйымдастырудың әдістері

Атырау облысында Құрманғазы аудандық ақпараттық-түсіндіру топ мүшелеріне семинар өткізілді.

Іс-шараға Атырау облысы Дін істері басқармасының бас маманы Ерлан Қалымбекұлы, ⁠“Жәрдем-Атырау” КҚ-ның мамандары және Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің психология және педагогика кафедрасының меңгерушісі К.Казиев қатысты.

Кездесу барысында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл, мемлекеттік саясатты жүзеге асыру бойынша АТТ мүшелерінің біліктілігін арттыру арқылы өңірдегі діни ахуалдың тұрақтылығын сақтауға ықпал ету туралы сөз қозғалды. Сонымен қатар ұлттық патриоттық ұстанымдарын жетілдіре отырып дін тұрғысында бағыт-бағдар берілді.

Семинар кіріспесін АТТ мүшесі, теолог, “Жәрдем-Атырау” КҚ-ның директоры Артур Алтайұлы ашып, облыстағы АТТ жұмыстарының ахуалын, өткен жылдың қорытындысын атап өтті.

Атырау облысы Дін істері басқармасының бас маманы Ерлан Қалымбекұлы ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 453, 490-баптары мен заңнамаларын, аталған құқық бұзушылықтар орын алған жағдайда қолданылатын шараларды түсіндіре отырып, аудан бойынша қызмет аясында кездескен әртүрлі жағдаяттарға талдау жасады.

Теолог Ринат Қалмазұлы түсіндірме жұмыстары барысында аудиторияның деңгейі мен қызығушылығына сай әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолданудың маңыздылығын баяндап, өз тәжірибесімен бөлісті.

Курсқа АТТ мүшелерімен қоса мұғалімдер мен полиция қызметкерлері де қатысып, мамандарға өздерін толғандырған сауалдарын қойып, қызмет барысында кездескен түрлі мәселелермен бөлісіп, пікір алмасты.

Материал Атырау облысы бойынша

ҰҚК департаментінің ақпараты негізінде дайындалды

Источник: Антитеррористический центр Республики Казахстан

Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка - https://t.me/gurkkz

gurk.kz

Атырау облысында Құрманғазы аудандық ақпараттық-түсіндіру топ мүшелеріне семинар өткізілді.

Іс-шараға Атырау облысы Дін істері басқармасының бас маманы Ерлан Қалымбекұлы, ⁠“Жәрдем-Атырау” КҚ-ның мамандары және Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің психология және педагогика кафедрасының меңгерушісі К.Казиев қатысты.

Кездесу барысында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл, мемлекеттік саясатты жүзеге асыру бойынша АТТ мүшелерінің біліктілігін арттыру арқылы өңірдегі діни ахуалдың тұрақтылығын сақтауға ықпал ету туралы сөз қозғалды. Сонымен қатар ұлттық патриоттық ұстанымдарын жетілдіре отырып дін тұрғысында бағыт-бағдар берілді.

Семинар кіріспесін АТТ мүшесі, теолог, “Жәрдем-Атырау” КҚ-ның директоры Артур Алтайұлы ашып, облыстағы АТТ жұмыстарының ахуалын, өткен жылдың қорытындысын атап өтті.

Атырау облысы Дін істері басқармасының бас маманы Ерлан Қалымбекұлы ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 453, 490-баптары мен заңнамаларын, аталған құқық бұзушылықтар орын алған жағдайда қолданылатын шараларды түсіндіре отырып, аудан бойынша қызмет аясында кездескен әртүрлі жағдаяттарға талдау жасады.

Теолог Ринат Қалмазұлы түсіндірме жұмыстары барысында аудиторияның деңгейі мен қызығушылығына сай әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолданудың маңыздылығын баяндап, өз тәжірибесімен бөлісті.

Курсқа АТТ мүшелерімен қоса мұғалімдер мен полиция қызметкерлері де қатысып, мамандарға өздерін толғандырған сауалдарын қойып, қызмет барысында кездескен түрлі мәселелермен бөлісіп, пікір алмасты.

Материал Атырау облысы бойынша

ҰҚК департаментінің ақпараты негізінде дайындалды

Еще новости региона