Жамбыл облысының ТҚК кезекті отырысы өтті
Жамбыл облысының әкімі Е.Қарашөкеевтың төрағалығымен Терроризмге қарсы комиссияның кезекті отырысы өткізілді.
Отырыс барысында осал нысаналы топтар, сондай-ақ маргиналды және жұмыссыз жастар арасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуды жетілдіру мәселелері және олардың шешу жолдары талқыланды.
Сондай-ақ, «Кәмелетке толмағандар арасында экстремизм мен терроризмнің алдын алу жөніндегі 2024-2026 жылдарға арналған Жол картасын» іске асыру барысына талдау жасалды.
Сонымен қатар, Қордай және Шу аудандық терроризмге қарсы комиссияларымен атқарылған жұмыстардың нәтижесі мен тиімділігі қаралды.
Отырыс нәтижесі бойынша қатысушыларға тиісті тапсырмалар берілді.
Материал Жамбыл облысы бойынша
Терроризмге қарсы комиссия аппаратының
ақпараты негізінде дайындалды
Источник:
Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка -