Жастар және терроризм: саналы таңдау – сенімді қорған
Түркістан облысы Терроризмге қарсы комиссиясының ұйымдастыруымен Кентау қаласындағы «Медициналық колледжінің», «Дара жол», №1 «Ы.Алтынсарин», №2 «Ш.Қанайұлы», №5 «Абай», «Т.Рысқұлов», «Бастау», «Грант», Отырар ауданындағы «С.Мұқанов», «Ғани Мұратбаев», «Ы.Алтынсарин», «Ш.Уалиханов», Түлкібас ауданында орналасқан «С.Сейфуллин», «Жанкент», «Абай», Ордабасы ауданының «Д.Қонаев», «Ә.Молдағұлова», «Жусансай» атындағы жалпы орта мектептерінің жоғары сынып оқушылары мен студенттеріне террористік қауіп туындаған кезде жасалуы тиіс алгоритм реттілігін түсіндіру бойынша жиналыс өткізілді.Жиналысқа ҚР ҰҚК Түркістан облысы бойынша департаменті аудандық, қалалық бөлімдерініңінің, полиция бөлімдерінің қызметкерлері қатысты.Іс-шараның негізгі мақсаты – адамдар көп шоғырланатын білім беру ұйымдарында білім алушыларды террористік сипаттағы алғашқы ден-қою әрекеттеріне оқытып, дайындау.Жиналыста аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері террористік қауіп туындаған кезде алғашқы эвакуациялау, құзырлы мекемелерге хабарлау, күдікті заттарға жақындамау, қол тигізбеу және оған жақын маңайда байланыс желісін қоспау, сондай-ақ өз бетімен тексеруге тырыспау жөнінде түсіндірді. Күдікті заттар немесе иесіз қалған сөмкелер анықталған жағдайда ең алдымен мұғалімдер мен мектеп әкімшілігіне хабарлау қажеттігі жеткізілді.Сонымен бірге, оқушыларға жалған ақпараттарды таратпау, әлеуметтік желілерде расталмаған мәліметтерді бөліспеу қажеттігі туралы ескертілді.Жиналыс барысында қатысушыларға ҚР ҰҚК Түркістан облысы бойынша департаменті ТҚО бөлімімен арнайы дайындалған бейнематериалдар көрсетіліп, ҚР ҰҚК ТҚО Штабымен әзірленген Алгоритм талаптары түсіндірілді.Іс-шара барысында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға спикерлер тарапынан қолданыстағы заңнама талаптары аясында нақты әрі мазмұнды жауаптар берілді.
Материал Түркістан облысы ТҚК аппаратының ақпараты негізінде дайындалды
Источник:
Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка -


















