Жедел-тактикалық оқу-жаттығу өткізуге қатысты
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті терроризмге қарсы орталығы бөлімінің қызметкерлері Маңғыстау облысы әкімдігі және полиция департаментімен бірлесіп Ақтау қаласы аумағында жедел-тактикалық оқу-жаттығу өткізді.
Оның мақсаты - адамдар көп шоғырланатын орындарда террорлық сипаттағы қауіпті жағдайлар туындаған мезгілде, бірлесіп жұмыс жасауды шыңдау.
Аталған жедел-тактикалық оқу-жаттығу облыстық жедел штаб мүшелері мен қажетті техникалар жұмылдырылды. Жаттығу барысында құзырлы органдардың оқиғаны алдын алу және салдарымен күресу кезіндегі өзара іс-әрекеттеріне ерекше мән берілді.
Терроризмге қарсы операцияны жүргізу барысында арнайы және жедел-іздестіру іс-шараларының кешені іске асырылып, соның нәтижесінде шартты террористерде атыс қаруы мен жарылғыш құрылғылардың болуы туралы мәліметтер, сондай-ақ бейбіт тұрғындар қатарынан кепілге алынғандар туралы деректер алынды.
Арнайы тәжірибе қорытындысы бойынша кемшіліктерді жою жөніндегі шараларды әзірлей отырып, қорытындыларға талдау жүргізілді. Сондай-ақ оқу-жаттығуға қатысушылардың теориялық деңгейі тексеріліп, әр жедел топтардың дайындығына тиісті баға берілді.
Материал ҚР ҰҚК Маңғыстау облысы бойынша
департаментінің ақпараты негізінде дайындалды
Источник:
Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка -