Антитеррорлық қауіпсіздік ережерелі түсіндірілді
ҚР ҰҚК Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы бойынша департаментінің ТҚО бөлімімен Қазалы ауданында орналасқан террористік тұрғыдан осал объектілердің басшылығының және персоналының қатусымен дәріс сабағы өткізілді.
Іс-шара барысында жаңадан қабылданған сала бойынша нұсқаулықтардың талаптары жеткізіліп, ТТО объектілердің инжинерлік-техникалық қамтамасыз етілуі жайында сөз қозғалды.
Сонымен қатар, күзет қызметі мамандардың жұмысына ерекше көңіл бөлу қажеттігі ескертілді.
Тыңдаушылардың теориялық білім деңгейін жоғарлату мақсатында ТҚО Штабымен дайындалған бейне материалдар көрсетілді.
Кездесу қорытындысы бойынша ТТО обьектілердің басшылығына нысандардың қорғалу деңгейін күшейту бағытында бірнеше нұсқаулар берілді.
Материал Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы бойынша
ҰҚК департаментінің ақпараты негізінде дайындалды
___________________________________________________________
Источник:
Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка -