Астана қаласында «Мерейлі отбасы – 2026» ұлттық байқауы жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.
Бүгін Астана қаласында «Мерейлі отбасы – 2026» ұлттық байқауы жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Еліміздің әр өңірінен іріктелген 20 өнегелі отбасы республикалық байқаудың жеңімпазы атанды.
Ұлытау облысының атынан республикалық кезеңге қатысқан Қаражал қаласының Сағындықовтар әулеті де жоғары марапатқа ие болды. Жеңімпаз отбасына естелік мүсінше, арнайы грамота және 2 миллион теңге көлеміндегі ақшалай сертификат табысталды.
Бұл байқау – отбасы құндылықтарын дәріптеп, адал еңбек, береке-бірлік, ұрпақ тәрбиесі мен үлкенге құрметті өмірлік ұстанымына айналдырған отбасыларды ұлықтайтын маңызды жоба.
Сағындықовтар әулетінің республикалық деңгейде осындай жоғары марапатқа ие болуы – Қаражал қаласы мен Ұлытау облысы үшін үлкен мақтаныш. Бұл жетістік – өнегелі шаңырақтың абыройы ғана емес, өскелең ұрпаққа берер тағылымы мол үлгі.
Сағындықовтар әулетін лайықты жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз! Шаңырақтарыңыздан шаттық кетпей, отбасыларыңызға амандық, береке мен бақ-дәулет тілейміз! Еліміздің мақтанышы болып, биік белестерден көріне беріңіздер!
Источник:
Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка -








