Ауруханадағы қауіпсіздік және сақтық шаралары талқыланды
ҚР ҰҚК Түркістан облысы бойынша департаменті Терроризмге қарсы орталық бөлімінің ұйымдастыруымен және аудандық, қалалық ТҚК аясында Сауран, Кентау, Отырар, Түркістан аудан, қалаларында орналасқан орталық ауруханалардың қызметкерлерімен күдікті заттарды анықтау және терроризмге қарсы әрекет ету алгоритмдерін пысықтау бойынша семинар сабақтар ұйымдастырылды.Семинарлар барысында күдікті заттардың белгілері, оларды анықтау және күдікті заттар анықталған жағдайда не істеу қажеттігі туралы танымдық ақпарат берілді.Күдікті заттар орналасқан аумақты қоршауға алу, аурухана әкімшілігін хабарландыру және кезек күттірмейтін Алгоритмге сәйкес әрекеттерді атқару қажеттігі туралы жеткізілді.Семинарда "Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыру бойынша террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 3 мамырдағы №ҚР ДСМ-40 бұйрығына сәйкес, террористік тұрғыдан осал объектілерге қойылатын қауіпсіздік талаптары және аталған нұсқаулықта көрсетілген алгоритм талаптары түсіндірілді.ҚР ҰҚК ТҚО Штабымен дайындалған арнайы бейнематериалдар көрсетілді.Сонымен бірге, террористік идеологиялар және тыйым салынған уағыздаушылар туралы мәліметтер ұсынылды.Жиын қорытындысымен дәрігерлер тарапынан қауіпсіздік мәселелері бойынша сұрақтар қойылып, мамандар тарапынан тиісті жауаптар берілді.
Материал Түркістан облысы бойынша ТҚК аппаратының ақпараты негізінде дайындалды
Источник:
Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка -












