ҚАЗАҚСТАНДА ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ БОЙЫНША АЛҒАШҚЫ ЖАЗҒЫ МЕКТЕП ӨТУДЕ
Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті «University Alliance of Science and Technology» Альянсымен бірлесіп Қазақстанда жасанды интеллект бойынша алғашқы жазғы мектеп өткізуде.
Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Digital Bridge 2023» форумында білім беру бағдарламаларын ЖИ енгізу арқылы трансформациялау қажеттілігін атап өткен болатын. Жазғы мектеп «AI: инновация, трансформация және болжамдар» дөңгелек үстелінен басталды. Кездесуде ХАТУ базасында «Жасанды интеллект» жаңа білім беру бағдарламасы аясында студенттерді оқытатын кадрларды трансформациялау қажеттілігі талқыланды.
Жиынға ХАТУ, ҚБТУ, UIB, Astana IT University өкілдері, шетелдік спикерлер – Гази университетінен (Түркия) Ғ.Четин, Киев ұлттық құрылыс және сәулет университетінің жобаларды басқару кафедрасының меңгерушісі С.Бушуев, Әзірбайжан жобаларды басқару қауымдастығының басшысы И.Бабаев қатысып, талқылау жасады.
Источник:
Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка -