МЕМЛЕКЕТТІК КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕР БОЙЫНША 9 АЙДА АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫС ҚОРЫТЫНДЫСЫ
Департаментпен 2026 жылдың 9 айында 27 тексеру өткізілді, оның нәтижесінде жалпы 7370 бұзушылық анықталды. Жалпы санынан мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін бұзу – 1553 факті, мемлекеттік көрсетілетін қызметке бас тарту мерзімін бұзу – 21 факті, құжаттар топтамасы толық болмағанда қызмет көрсету – 179 факті, заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерде белгіленген тізбеде көзделмеген құжаттарды талап ету – 319 факті, мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін бұзу – 3009 факті, негізсіз бас тарту – 17, өзге де бұзушылықтар – 2272 факті.
Сонымен қатар, мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнаманың сақталуына сыртқы байқау (қашықтықтан бақылау) жүргізу нәтижесінде 7784 бұзушылық анықталды. Нәтижесінде 101 қызмет алушының құқықтары қалпына келтірілді.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы мәселесі бойынша) өтініш келіп түсті, тексеру және сұрау салу нәтижесінде, негізді жүгінгендердің ішінен 100% - ы (5 қызмет алушының) құқықтары қалпына келтірілді және қорғалды
2026 жылдың 9 айында EgovkzTelegrambot телеграм бот платформасы азаматтардан әлеуметтік төлемдер, құжаттамалық қамтамасыз ету, медициналық қызметке лицензия беру, еңбекке уақытша жарамсыздық туралы парақ беру мәселелері, көпбалалы отбасыға жәрдемақы тағайындау бойынша 13 өтініш түсіп, қаралды.
Рұқсат беру құжаттарын беру мерзімдерін, тәртібін бұзғаны үшін «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 465-бабының 1 және 2-бөлігіне сәйкес 9 Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды, мемлекет кірісіне жалпы сомасы 513 105 теңге айыппұл өндірілді. Департаменттің ұсынысы негізінде 2026 жылдың 9 айында 70 қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Есептік кезеңде Ведомствоаралық жұмыс тобының 3 отырысы өткізілді, 23 ұсыныс енгізіліп, барлығы орындалды.
Ағымдағы жылы 13 түсіндіру іс-шарасы, 58 онлайн жәрмеңке және 5 интернет-конференция өткізіліп, газеттерде 24 мақала жарияланды.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру және оны халыққа насихаттау мақсатында «Елге қызмет» телебағдарламасының 10 шығарылымы («ULYTAU TV», «Aqsham») жарық көрді (білім, тұрғын-үй шауаршылығы, спорт, өсімдіктер карантині, сәулет және жер қатынастары, коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және апостиль, сонымен қатар нотариалдық және адвокаттық қызмет, азаматтық хал актілерін тіркеу, дене шынықтыру және спорт салаларында көрсетілетін мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу тәртібі бойынша).
ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Ұлытау облысы бойынша филиалында «Ең алдымен адамдар» тақырыбында 5 семинар өткізілді.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің бизнес-процестерін талдау нәтижесі бойынша 23 ұсыныс әзірленіп Агенттікке жолданды.
Департамент тарапынан аталған бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ұлытау облысы бойынша
Источник:
Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка -






