Сақтық қауіпсіздіктің алғышарты!
Арыс қаласында орналасқан «Орталықтандырылған кітапхана жүйесі», «Айгөлек балабақшасы», «Арыс аудандық орталық ауруханасы», «№1 балалар жасөспірімдер спорт мектебі», «Отар Жұмахан сауда үйі» мекемелерінің қызметкерлерімен кездесулер ұйымдастырылды.Кездесулердің негізгі мақсаты - халық арасында экстремизм мен терроризмге қарсы иммунитет қалыптастыру, террористік идеологиялар мен экстремистік әрекеттердің қауіптері, терроризмнің салдары мен оның алдын алу жолдары туралы ақпарат беру болып табылады.Кездесу барысында қазіргі уақыттағы экстремистік және террористік идеологиялардың таралу ерекшеліктері, интернет пен әлеуметтік желілер арқылы жасалатын манипуляциялық тәсілдер, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздікті сақтау талаптары туралы сөз қозғалды. Қызметкерлерге күмәнді материалдарды ажырату, жалған экстремистік және террористік сипаттағы контенттің негізгі белгілері туралы түсіндірілді.Кездесу аясында арнайы шақырылған Түркістан облыстық ақпараттық насихаттық топ мүшесі Қ.Мырзабай: «Экстремизмге қатысу немесе террористік әрекеттерге жәрдемдесу ҚР Қылмыстық кодексі бойынша қатаң жауапкершілікке әкеледі. Барлық азаматтар үшін ақпараттық сауаттылық, ресми дереккөздерге сүйену және күмәнді байланыстардан аулақ болу өте маңызды», - деп тілге тиек етті.Сонымен қатар, қатысушыларға терроризм қаупі туындаған жағдайда әрекет ету алгоритмі таныстырылды:- күдікті заттарды байқаса, оған жақындамау және дереу құқық қорғау органдарына хабарлау;- адамдар көп шоғырланған ғимараттардан қауіпсіз бағытқа дереу шығу;- тек ресми хабарламаларға сүйену және белгісіз тұлғалардың нұсқауына ермеу;- қауіпті жағдайда сабыр сақтап, айналадағы адамдарға көмек көрсету;- терроризм актісіне куә болған кезде оқиға орнынан алыстау;- дәлелдерге қол тигізбеу және арнайы қызметтердің нұсқауларын орындау қажеттігі түсіндірілді.Кездесу қорытындысымен қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, мардымды жауаптар берілді.
Материал Түркістан облысы бойынша ТҚК аппаратының ақпараты негізінде дайындалды
Источник:
Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка -














