Сауда орталықтары басты назарда
Дін істері басқармасының тапсырысы бойынша Алматы қаласының терроризмге қарсы комиссиясы аппаратының мамандары сауда орталықтарында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға бағытталған бірқатар іс-шаралар өткізді.
Атап айтқанда, «Өжет», «Көк базар», «Алма» сауда орталықтарының саудагерлерімен кездесулер «Терроризм идеологиясының ықпалынан сақтану» атты тақырыбында жүргізілді.
Алматы қаласы «Кеңес беру және оңалту орталығы» теологы, дінтану магистрі Нұржан Қалиев және «Нұр-Мүбарак» университетінің оқытушысы, магистр исламтанушы Айгерім Қалқаева сауда орталықтарының радио желілері арқылы баяндамалар жасады. Тыңдаушыларға мемлекетіміздің зайырлы құрылымының құндылықтары, деструтктивті діни ағымдардың белгілері мен дәстүрлі Исламнан айырмашылығы туралы айтылды.
Сонымен қатар, экстремисттік және террористік ұйымдар өз қатарларына тарту мақсатында елімізге жат діни идеологияны насихаттап, достық қатынас орнатып және де қаржылай көмек көрсететіні жеткізілді. Бұдан бөлек, басқа діни сенімдерді мойындамай, өздері ұстанатын идеологиядан басқаларын кәпір санап, сыртқы ақпараттан оқшаулаға тырысып, бауырластық сезіммен манипуляциялау секілді психологиялық ықпал ету тәсілдері түсіндірілді.
Осындай форматта өткізілген іс-шара оң бағаға иеленіп, сауда орталықтары жұмысшыларының дін саласындағы білім деңгейін арттыруға мүмкіндік берді.
Материал Алматы қаласының Терроризмге қарсы
комиссиясы аппаратының ақпараты негізінде дайындалды
__________________________________________________________
Источник:
Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка -