Спорт саласындағы терроризм профилактикасы талқыланды
ҚР ҰҚК Түркістан облысы бойынша департаментінің Терроризмге қарсы орталық бөлімінің үйлестіруімен спорт саласындағы экстремизм мен терроризм профилактикасының өзекті мәселелері және дене шынықтыру, спорт саласындағы жол картасының тармақтарын талқылау мақсатында, Түркістан облыстық Терроризмге қарсы комиссиясы жұмысшы тобының кеңейтілген отырысы өткізілді.Отырысқа барлық ТҚК жұмыс тобының мүшелері мен құзырлы мемлекеттік органдардың өкілдері қатыстырылды.Отырыста ең алдымен жаттықтырушылар мен жаттығушылардың арасында экстремизм мен терроризм идеологияларының алдын алу мақсатында өткізілетін ақпараттық түсіндіру жұмыстарының сапасы талқыланды.Жүргізілген зерделеу жұмыстарының нәтижесімен ДДА жақтастарының басым көпшілігінің спортпен шұғылдануына орай, профилактика жұмыстарының жасырын мәселелерін анықтау мақсатында жұмысшы топ құрылды.Жоспарға сәйкес, жұмысшы топ мүшелері аудан, қалаларға іссапарға шығып, спорт мектептері мен клубтарында ақпараттық түсіндіру шараларын жүргізетін болады. Сонымен қатар, отырыс қорытындысымен жол картаның орындалу барысы тыңдалып, тиісті хаттамалық тапсырмалар берілді және жекеменшік спорт мекемелеріндегі бақылауды күшейту мақсатында ұсыныстар енгізілді.
ҚР ҰҚК Түркістан облысы бойынша департаментінің ТҚО бөлімі
Источник:
Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка -













