Террористік тұрғыдан осал объектілерінің қауіпсіздігін күшейту мақсатында
Түркістан облысы аумағында орналасқан террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қауіпсіздігін күшейту мақсатында Түркістан облыстық прокуратурасының аланында мекемеаралық жиналыс өтті.
Іс-шараға уәкілетті мемлекеттік органдар, жергілікті атқарушы органдар және Түркістан облыстық «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының басшылары қатысты.
Отырыс барысында террористік сипаттағы өзекті қатерлер және терроризм актісін жасауға кедергі келтіретін (объектіге қатысты терроризм актісін жасау тәуекелін азайтатын), сондай-ақ ықтимал террористік қатерлердің салдарын барынша азайтуға және (немесе) жоюға ықпал ететін жағдайлар жасау мәселелері талқыланып, террористік тұрғыдан осал объектілерге ерекше көніл бөлуде бірігіп жұмыс атқару қажеттілігі айтылды.
Жиын нәтижесінде, Түркістан облысы аумағында орналасқан террористік тұрғыдан осал объектілерді заң, нормативтік құқықтық актілеріне сәйкестендіру бойынша қатысушыларға тиісті хаттамалық тапсырмалар берілді.
Материал Түркістан облысы бойынша ҰҚК
департаментінің ақпараты негізінде дайындалды
Источник:
Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка -