Терроризмнің құрбаны болмас үшін...: Город Астана, 04 Июня 2026 года - новости на сайте gurk.kz

Терроризмнің құрбаны болмас үшін...

Терроризмнің құрбаны болмас үшін...

Терроризмнің құрбаны болмас үшін...

Террористік және экстремистік қауіптерге қарсы тұру – мемлекет алдында тұрған басым міндеттердің бірі.Осыған орай, ҰҚК Терроризмге қарсы орталығының бөлімі, ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы, ПД «Арлан» ОЖВ қызметкерлері қаламыздың үлкен сауда орындарының бірінде күзетшілер мен жауапты қызметкерлерге оқу семинарын өткізді.Оқыту семинар барысында террористік қауіп-қатерлер туындаған жағдайда қандай шараларды қабылдау керек екені түсіндірілді. Мәселен:⦁ жарылыс ұйымдастыру арқылы елді бопсалағысы келетін қылмыскерлер осал әрі ерекше қорғалатын аймақтарға неше түрлі заттар (төрт бұрышты чемодан, музыкалық аспап, үлкен қуыршақ не өзге де адам қызығатын қарапайым зат) қойып кетуі мүмкін. Сондай күдікті зат иесіз жатқанын көрсеңіз дереу күзет қызметіне, мекеме басшылығына және құзырлы орындарға хабарлаңыз.⦁ қылмыскер ғимаратты басып алса, оларға қарсылық көрсетпеңіз, дегеніне көніп, айтқанын жасаңыз. Құтқарушы жасақ ғимаратқа кірген жағдайда сабырлы болып, бір орныңызда тұрыңыз.⦁ ғимарат сыртында қарулы адамның келе жатқанын көрсеңіз дереу күзетке хабарлаңыз, дабыл түймесін басыңыз және ғимарат есігін бекітіңіз. Құзырлы органға хабарлағанда мекенжайды, адам санын, қаруы жайлы ақпарат беру қажеттілігі, сондай-ақ басқада қауіптер және әрекет ету жолдары түсіндірілді.Іс-шара барысында, арнайы жасақ мамандары қандай уақыт болса да, қай жерде болса да үнемі дайын жүру керектігін жеткізді. Қатысушылар осы тақырыпта түсіндірме жұмыстарын жиі жүргізу туралы ұсыныстарын бере отырып, көкейтесті сұрақтарына толыққанды жауаптар ала алды.

 

Материал Қызылорда облысы бойынша ТҚК аппаратының негізінде дайындалды



Источник: Антитеррористический центр Республики Казахстан


Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка - https://t.me/gurkkz

gurk.kz
<p>Террористік және экстремистік қауіптерге қарсы тұру – мемлекет алдында тұрған басым міндеттердің бірі.Осыған орай, ҰҚК Терроризмге қарсы орталығының бөлімі, ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы, ПД «Арлан» ОЖВ қызметкерлері қаламыздың үлкен сауда орындарының бірінде күзетшілер мен жауапты қызметкерлерге оқу семинарын өткізді.Оқыту семинар барысында террористік қауіп-қатерлер туындаған жағдайда қандай шараларды қабылдау керек екені түсіндірілді. Мәселен:⦁ жарылыс ұйымдастыру арқылы елді бопсалағысы келетін қылмыскерлер осал әрі ерекше қорғалатын аймақтарға неше түрлі заттар (төрт бұрышты чемодан, музыкалық аспап, үлкен қуыршақ не өзге де адам қызығатын қарапайым зат) қойып кетуі мүмкін. Сондай күдікті зат иесіз жатқанын көрсеңіз дереу күзет қызметіне, мекеме басшылығына және құзырлы орындарға хабарлаңыз.⦁ қылмыскер ғимаратты басып алса, оларға қарсылық көрсетпеңіз, дегеніне көніп, айтқанын жасаңыз. Құтқарушы жасақ ғимаратқа кірген жағдайда сабырлы болып, бір орныңызда тұрыңыз.⦁ ғимарат сыртында қарулы адамның келе жатқанын көрсеңіз дереу күзетке хабарлаңыз, дабыл түймесін басыңыз және ғимарат есігін бекітіңіз. Құзырлы органға хабарлағанда мекенжайды, адам санын, қаруы жайлы ақпарат беру қажеттілігі, сондай-ақ басқада қауіптер және әрекет ету жолдары түсіндірілді.Іс-шара барысында, арнайы жасақ мамандары қандай уақыт болса да, қай жерде болса да үнемі дайын жүру керектігін жеткізді. Қатысушылар осы тақырыпта түсіндірме жұмыстарын жиі жүргізу туралы ұсыныстарын бере отырып, көкейтесті сұрақтарына толыққанды жауаптар ала алды.</p> <p> </p> <p><b>Материал Қызылорда облысы бойынша </b><b>ТҚК аппаратының негізінде дайындалды</b></p>

Еще новости региона

gurk.kz