В ЖЕТЫСУ СОСТОЯЛАСЬ ВСТРЕЧА УЧЕНЫХ-СЕЛЕКЦИОНЕРОВ ИЗ СТРАН СРЕДНЕЙ АЗИИ
І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде «Бидай генетикасы және геномикасы» бойынша II Орта-Азиялық семинар өтті. Жетісу университетіндегі генетика және геномика зертханасының қызметкерлері «Speed Breeding» технологиясын пайдалану арқылы өсімдіктер селекциясының жаңа әдістерін қолдануда.
«Speed Breeding» ерекшелігі – селекциялық процесстерді 4 есе жылдамдатуға қауқарлы платформа. Яғни, бұрын гибридті популяциялар даярлау үшін 8 жыл қажет болса, қазіргі таңда аталған ұзақ процесті осы технология көмегімен 2 жылда жасауға болады. Жетісу университеті еліміз бойынша ғана емес, алыс және жақын шет елдердің ішінде бірінші болып «Speed Breeding» платформасын орнатып, оны ғылыми мақсатта тиімді қолдана бастады.
«Екі күндік уоркшоптың мақсаты – әлемде соңғы жылдары пайда болған «Speed Breeding» және «молекулалық селекция» сияқты өсімдіктер селекциясының заманауи әдістерін аграрлық бағытта жұмыс жасайтын ғылыми ордаларының ғалымдарымен теориялық және практикалық іс-шаралармен бөлісу. Молекулалық селекция әдістері кәдімгі дәстүрлі селекциялық әдістермен сәтті ұштастырылғанда селекциялық процесстердің дәлдігі мен жылдамдығы артады. Семинар барысында жоғары өткізгіштік KASP генотиптеу технологиясын қалай жүргізу керектігін әріптестеріме көрсетіп, тәжірибе алмасып жатырмыз», - дейді «Генетика және геномика» зертханасының меңгерушісі Қанат Ермекбаев.
Семинарға Пәкістан, Түркия және «Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымы» өкілдерімен қатар Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми зерттеу институты, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті, Ұлттық биотехнология орталығы, Өсімдіктердің биологиясы және биотехнологиясы институты, Ы.Жақаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты, Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институтының жетекші ғалымдары мен жоғары оқу орындарының аграрлық бағытта зерттеумен айналысып жүрген жас ғалымдары қатысты.
Источник:
Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка -