За последние два года на инфраструктурное развитие Аксуского района выделено 14,1 млрд. тенге: Область Жетісу, 23 Мая 2024 года - новости на сайте gurk.kz

За последние два года на инфраструктурное развитие Аксуского района выделено 14,1 млрд. тенге

Ақсу ауданының ауыл шаруашылығында су үнемдеу технологиясы жақсы қолданыла бастаған. Дегенмен аудан шаруашылықтары қант қызылшасының өнімділігін арттыруы тиіс. Сол сияқты мал бордақылау алаңдарының жүктемесін де ұлғайты керек. Бүгін облыс әкімі Бейбіт Исабаев Ақсу ауданының тұрғындарымен кездесуі барысында ақсулықтардың алдында осы және басқа да бірқатар міндеттер қойды, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.   Жансүгіров ауылындағы Молықбай атындағы Мәдениет үйінде өткен кездесуде облыс әкімі баяндама жасап, өңірдің өткен жылғы негізгі көрсеткіштеріне тоқталды, сол сияқты аудан экономикасының қазіргі жай-күйіне талдау жасап, алдағы басым бағыттары жайлы тапсырмалар берді. Мәселен, Ақсу ауданында өткен жылы 1 013 ауыл шаруашылығы субъектілеріне 3,1 млрд. теңге көлемінде субсидия бөлу арқылы қолдау көрсетілген. «Ауыл аманаты» бағдарламасы шеңберінде 537,5 млн. теңгеге 94 шағын несие берілді. Б.Сырттанов ауылдық округінде 1 кооператив ашылған. Осы орайда облыс әкімі ауыл тұрғындарына кооперативтер құрудың мүмкіндіктерін, жалпы «Ауыл аманаты» бағдарламасының тиімді шарттарын кеңінен түсіндіруді тапсырды.

Ауданда көктемгі дала жұмыстары толыққанды жүргізіліп, аяқталған. Аймақтағы Ақсу қант зауытын жаңғыртуға соңғы жылдарда мемлекеттен 12,7 млрд. теңге бөлінді. Биыл Ақсу, Сарқан, Алакөл аудандары 5,7 мың гектар жердегі қант қызылшасының өнімін осы зауытқа өткізеді. Соның ішінде Ақсу ауданының үлесі 2,2 мың гектар, бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,8 есеге артық. Өткен жылы Ақсу ауданы қызылшадан облыс бойынша ең төменгі, яғни әр гектарынан 267 центнер өнім алыпты, облыста бұл көрсеткіш 431 ц/га. Сондықтан Бейбіт Исабаев аудан әкімдігіне өнімділікті арттыру үшін тиісті шаралар қабылдауды тапсырды. Мемлекет тарапынан оған барлық мүмкіндік жасалып отыр. Шаруашылықтар тиісті тұқыммен қамасыз етілген, биыл ауданның 7 шаруа қожалығы біріктіріліп, қант қызылшасы бағытындағы 3 сервистік-дайындау орталығы құрылды. Оларға 421 млн. теңгеге 13 сепкіш алынып, шаруа қожалықтарына таратылды. Сонымен қатар «Жетісу» ӘКК АҚ арқылы лизингіге 2 комбайн, 2 жапырақшапқыш алынды, қалған осындай 5 техника жазда сатып алынады. Бір атап өтерлігі, ауданда су үнемдеу технологиясы қарқынды қолданылуда. Биылғы жылы осындай жаңа технологияны 16 шаруа қожалық  2 107 га жерде іске асырып отыр. Ал мал шаруашылығында бордақылау алаңдарының жүктемесін арттыру қажет. Осындай 9 нысанның жүктемесі әзірге небәрі 22%-ды құрап отыр.

Облыс басшысы аудан тұрғындарының жиі көтеретін өзекті мәселесінің бірі жер мәселесіне тоқталды. Мысалы, 2022 - 2023 жылдары пайдаланбай жатқан 95,8 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Биылғы жылы пайдаланбаған 8 мың гектар жер қайтып алынды. Осы орайда облыс әкімі аудандық жер комиссиясының жұмысында орын алған  кемшіліктердің де болғанын еске салып, қайтарылған жерлерді қайта айналымға енгізу жұмыстарының баяу жүргізіліп жатқанын сынға алды.

Осы жылдың 4 айында ауданға жалпы 4 млрд. теңге инвестиция тартылған. Жалпы аудан аумағында 2024-2027 жылдар аралығында 310 жұмыс орнын құра отырып, 11,8 млрд. теңгеге 20 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланып отыр.

Облыс әкімінің баяндамасында айтылғандай, ауданда тұрғын үй кезегінде тұрғандардың саны - 892 адам, яғни жылдан жылға артып келеді. Осы орайда кезекте тұрған әлеуметтік жағынан аз қамтылған азаматтарға  биыл 60 пәтерлі тұрғын үйді сатып алу жоспарланған. Келесі жылы Жансүгіров ауылында жалгерлік 60 пәтерлі көпқабатты үй құрылысы жүргізіледі. Сондай-ақ, Матай ауылында 112 жеке тұрғын үйдің құрылысына бөлінген 15 гектар жерге инженерлік-коммуникациялық желілер тартылуда.

Сол сияқты халықты сапалы ауыз сумен қамту, газ желісін тарту, жол жөндеу мәселелері де айтылды. Әлеуметтік саланы қолдау шаралары да назардан тыс қалған жоқ. Мәселен, 2023-2024 жылдары ауданға инфрақұрылымдық, әлеуметтік нысандарды салуға, қайта жаңғыртуға және жобалау жұмыстарына облыстық бюджеттен 14,1 млрд. теңге бөлінді. Мысалы, жалпы сомасы 35,2 млн.теңгеге Арасан ауылындағы Б.Сырттанов атындағы орта мектебіне және Еңбек ауылындағы Қарасу негізгі орта мектебінің жертөлесіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін ЖСҚ әзірленуде. Тұрғындардың өтінішіне сәйкес Суықсай, Діңгек, Жансүгіров ауылындағы Ж.Сыдықов атындағы мектепке 85 млн. теңгеге 2 автобус және 1 шағын автобус сатып алынды. 2024-2025 жылдары 4 бастауыш мектепті оңтайландыру жоспарланған, оларда 5-9 бала оқиды. Аталған елді мекендерден 5-11 сынып оқушылары жақын орналасқан толық комплектілі мектептерге тасымалданып оқытылуда, бастауыш сынып оқушылары да тасымалданады. Оңтайландырылған 4 мектептің мұғалімдері, басқа да қызметкерлері жұмыспен қамтылатын болады. «Сол қызметкерлердің қайсысын қайда жұмысқа орналастырғандарың туралы маған тізім бойынша толық есеп бересіңдер. Оңтайландырылған мектептің бір де бір мұғалімі, күзетшісі, жұмысшысы жұмыссыз қалмауы керек», - деді Б. Исабаев аудан әкімі мен білім басқармасына қаратып.

Ауданда

19

дәрігер

маманға тапшылық бар, осыған  байланысты облыс басшысы денсаулық сақтау басқармасының басшысына өңірге жас мамандар тарту шараларын қарастыру тапсырды. Сонымен бірге өткен жылғы кездесуде тұрғындар көтерілген   мәселенің шешіміне қатысты да іс-шаралардың жайын айтып берді.

Облыстың өткен жылы жақсы нәтижеге жетуінде егіс алқабында еңбек еткен диқандардың, шағын бизнес өкілдерінің, жалпы қарапайым еңбеккер халықтың үлесі зор. Біз өз тарапымыздан ауыл шаруашылығына, ауылдың тұрмыс жағдайын жақсартуға қолдау көрсетуді жалғастырамыз. Жергілікті әкімдік жұмыстарды дұрыс ұйымдастырып, халықтың үніне құлақ түріп, түйткілді мәселелерді дер кезінде шешіп отыруы керек. «Ауыл аманаты» бағдарламасының, соның ішінде кооперативтер құрудың мүмкіндіктерін, мемлекет меншігіне қайтарылып алынған жерлерді конкурспен берудің заңдылығын халыққа кеңінен түсіндіру керек. Аудандық жер комиссиясы жұмысын әділ, ашық жүргізсін. Баяндамамда айтылған өзекті мәселелерге қатысты облыс әкімінің орынбасарларына аудан әкімімен және тиісті басқармалармен бірлесіп, бөлінген бюджет қаражатын бекітілген жұмыс кестелеріне сәйкес сапалы игеруді, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуындағы барлық айтылған кемшіліктерді жою жөнінде шаралар қабылдауды тапсырамын, - деді Б. Исабаев.

Кездесуде тұрғындар облыс басшысына мал егу, мемлекеттік тұрғын үй қорынан үй алу, әлеуметтік қолдау шаралары туралы мәселелер көтерді. Мәселен, мүгедектігі бар Гүлмира Оспанова биыл мүмкіндігі шектеулі балаларға берілген бір реттік материалдық көмек осы санаттағы ересек жандарға да берілсе деген ұсынысын айтты. Оған қоса аудан орталығында басқа мекемелерді айтпағанда, Халыққа қызмет көрсету орталығының өзіне арбамен кіріп-шығатындай пандус орнатылмағанын жеткізді. «Осы мәселені» қолға алсаңыздар екен», - деді Г. Оспанова. Бұл мәселеге қатысты облыс әкімі аудан әкімі мен облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысына арнайы тапсырма берді. Екеуі ауданның халық көп баратын мекемелері мен ұйымдарын аралап, талдау жасайтын болады. Соның негізінде пандус салынбаған мемлекеттік мекемелер болса, бюджеттік тапсырыс дайындалады, ал жекеменшік иелері пандус орнатуға міндеттеледі. Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың конституциялық құқығын қорғауға аудандық прокуратура да белсене кіріседі.

Осы күні облыс әкімі аудан тұрғындары үшін қабылдау өткізіп, олардың тұрғын үй кезегіне, әлеуметтік қолдау шараларына қатысты мәселелерін қарастырып, тиісті сала басшылары мен аудан әкіміне тапсырмалар берді. Осы ретте облыс әкімі тұрғын үй қатынастарына байланысты тұрғындар көтерген бірқатар мәселелердің жай-жапсарын дер кезінде жіті зерделемей, өз қызметтік міндетіне салғырттық танытқаны үшін аудан әкімінің орынбасары Амандос Сабырбаевқа «сөгіс» берілетінін айтты. Аудан басшылығының халықпен етене жұмыс істеуін қатаң тапсырды.

Сол сияқты сапар барысында күрделі жөндеу жүріп жатқан аудандық орталық ауруханадағы құрылыс жұмыстарының барысымен танысты.

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Фотосуреттердің авторы: Жеңіс Ысқабай

Источник: Акимат области Жетісу

Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка - https://t.me/gurkkz

Комментарии

gurk.kz

Еще новости региона