Жасанды интеллект және білім: Астана мектептері мен QAIRU ынтымақтастық орнатты

Жасанды интеллект және білім: Астана мектептері мен QAIRU ынтымақтастық орнатты

Жасанды интеллект және білім: Астана мектептері мен QAIRU ынтымақтастық орнатты

Жасанды интеллект және білім: Астана мектептері мен QAIRU ынтымақтастық орнатты

Астана қаласының Білім басқармасының басшысы, Qazaq AI Research University (QAIRU) өкілдері және «AI Teacher Astana» қалалық жобасына қатысушы білім беру ұйымдарының басшыларының қатысуымен жұмыс кездесуі өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Кездесу барысында Білім басқармасы мен университет арасындағы ынтымақтастықты нығайту, білім алушылардың жасанды интеллект саласындағы құзыреттіліктерін дамыту, ерте кәсіптік бағдар беру, сондай-ақ математика, информатика және физика пәндері бойынша болашақ педагогтарды даярлау мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, жоғары білім беру деңгейлері арасындағы сабақтастықты қамтамасыз етуге, педагогтердің кәсіби және цифрлық құзыреттіліктерін арттыруға, жасанды интеллект технологияларын білім беру процесіне тиімді енгізуге ерекше назар аударылды.

Бірлескен білім беру және ғылыми-зерттеу жобаларын іске асыру, озық тәжірибелерді зерделеу және білім беру ұйымдарына ғылыми-әдістемелік қолдау көрсету бойынша ұсыныстар қарастырылды.

Кездесу Астана қаласының Білім басқармасы мен Qazaq AI Research University (QAIRU) арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Аталған ынтымақтастық елорданың білім беру жүйесіне жасанды интеллектіні жүйелі енгізуге, педагогтердің кәсіби әлеуетін арттыруға және білім алушылардың болашақ мамандықтарға қажетті құзыреттіліктерін қалыптастыруға бағытталған.



Источник: ГУ «Аппарат акима города Астана»


Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка - https://t.me/gurkkz

Еще новости региона