Жастар және дәстүр құндылығы
Түркістан облыстық ақпараттық-түсіндіру тобы мүшелері Созақ ауданы Шолаққорған ауылдық округінде орналасқан Н.Төреқұлов атындағы IT лицейде мектеп оқушылары мен ұстаздармен «Жастар және дәстүр құндылығы» тақырыбында кездесу өткізді.
«Экстремизм мен терроризм тақырыбы тек Қазақстан үшін ғана емес, әлемдік деңгейдегі аса өзекті мәселенің бірі. Бұл әсіресе соңғы жылдары әлемнің түкпір-түкпірінде орын алып жатқан түрлі лаңкестік оқиғалар мен экстремистік топтардың белсенді әрекетінен кейін ғаламдық проблемаға айналды», - осындай сөзбен сарапшылар іс-шараны бастады.
Жиналыс барысында мамандар еліміздің зайырлылық ұстанымы, ұлттық салт-дәстүріміздің ислам дінімен сабақтастығы туралы айтты. Елімізде тыйым салынған экстремистік-террористік діни ұйымдар олардың ерекшеліктері және қауіптілігі, ғаламтор арқылы лаңкестік пен экстремизм идеологиялары және басқа да түрлі жат пиғылды ағымдарға қарсы жастар арасында иммунитет қалыптастыру – маңызды міндет екендігі түсіндірілді.
Кездесуге 300 оқушы қатысты. Жиналыс соңынан жастар тарапынан қойылған сұрақтарға толық жауап берілді.
Материал Түркістан облысы терроризмге қарсы комиссия
аппаратының ақпараты негізінде дайындалды
_____________________________________________________________
Источник:
Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка -